Діни наным-сенім адам өмірінде орасан рөл атқарады. Діни наным-сенім адамға оның қоғамдағы, сонымен қатар бүкіл әлемдегі рөлі туралы хабарлайды, оны жоғары идеалға қол жеткізуге шабыттандырады. Қиын кезеңдерде діни ілімдер адамға қажетті эмоционалды және психологиялық қолдау көрсетеді.
Дегенмен, адамзат тарихы көптеген қақтығыстардың, соның ішінде діни келіспеушіліктерден туындаған соғыстардың куәсі болды. Шындығында, «Дін» және «жанжал» сөздері бір-бірімен мүлдем үйлеспейді. Егер әр дін бізге үйлесімділік, бірлік және бауырластық құндылықтарын үйретсе, онда әр адамның өмірінде қақтығыстарға орын жоқ. Қазіргі уақытта, егер дін өзінің маңыздылығын жоғалтқысы келмесе, онда әртүрлі діни наным-сенімді ұстанатын адамдар өздерін қамап, басқалардан оқшаулап тұратын қабырғаларды тұрғызудың орнына ортақ гуманитарлық құндылықтарға сүйене отырып, бір-бірімен өзара әрекеттесетін плюралистік қоғам құруға ықпал етуі керек.
Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты сақтау жөніндегі Н.Назарбаев орталығы адамдарды біріктіру үшін оңтайлы платформа құру бойынша айтарлықтай жұмыс атқарды. Қазақстанда 2022 жылдың қыркүйегінде өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің жетінші съезі жаһандық ауқымдағы конфессияаралық диалог пен ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең болды. Бұл беделді іс-шара рухани көшбасшыларды, ықпалды саяси қайраткерлерді және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктіріп, біздің заманымыздың өзекті мәселелерін талқылап, бейбіт қатар өмір сүру жолдарын іздеді.
Съезге Хатшылықтың және Жұмыс тобының мүшесі ретінде Индуимз атынан қатысу мен үшін орасан зор тәжірибе болды. Сомайя Видявихар университеті (Мумбай, Үндістан) әрқашан Назарбаев орталығының күш-жігерін қолап келеді. Сомайя Видявихар университетінің бұрынғы вице-президенті Доктор Шантилал Сомайя индус делегациясының басшысы ретінде 2003, 2006 және 2009 жылдары Қазақстанның Тұңғыш Президенті, құрметті Нұрсұлтан Назарбаев ұйымдастырған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне шақырылды. Қазіргі уақытта Сомайя Видявихар университетінің ректоры, Самир Сомайя мырза Съездегі индуизм делегациясының жетекшісі болып табылады. Жақында, 2023 жылдың 7 тамызында Сомайя Видявихар университеті жетінші Съездің Декларациясын талқылауға ат салысу үшін Нұрсұлтан Назарбаев орталығымен бірлесе отырып, Мумбайда дөңгелек үстел ұйымдастырды. Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының төрағасы Жоғары Мәртебелі Болат Сәрсенбаев конференцияға жеке өзі қатысты. Сонымен қатар, көптеген көрнекті ғалымдар мен діни лидерлер осы дөңгелек үстел конференциясына қатысты, бұл шынында да айтулы оқиға болды.
Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының жұмысына табыс тілеймін!
“Aa no bhadrah kratavo yantu vishvatah” – «Барлық ісіміз игі ойлардан басталсын».
Рудракша Сакрикар,
Сомайя Видявихар университетінің
Конфессияаралық қатынастар және өзара түсіністік бағдарламасының хатшысы