Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні. Қазақстан балалардың құқығын қорғауға қатысты халықаралық құжаттардың барлығын дерлік ратификациялаған. Бүгінгі мерекеде де қарулы қақтығыс аймағынан жеткізілген балалар назардан тыс қалмады. Атырау облысы Дін істері басқармасы әдеттегідей сыйлық жасап, жетімдердің көңілін аулады.