Сұрақ: Балалары, ата-анасының жасаған жақсылығы мен дұғасынан сауап ала ма?
Жауап: Біріншіден, ата-ананың жасаған жақсылығы балаларының амал дәптеріне жазылмайды. Дегенмен, олардың балалары үшін жасаған дұғалары қабыл болмақ деп иман етеміз. Ғалымдарымыз ата-ананың жасаған жақсылық сауабының белгілі бір бөлігін балаларына садақа ретінде бағыштай алатынын айтады.
Екіншіден, баласының жасаған игі істерінен ата-анасы да жемісін көреді. Өйткені: «Бір нәрсенің іске асуына себепкер болғандар – ол істі орындағандай болады». Баланың дүниеге келуіне себепші болып, тура жолды көрсеткен ата-ана – балаларының игі істерінен сауап алады. Бұл игіліктері балаларының үлесінен алынбайды. Оны Алла Өзінің мейірімінен оларға сый ретінде береді.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ