Бір данышпан былай деген екен:
«Егер Сіз бақшаға келсеңіз, мына нәрсеге куә боласыз: бал арасы бақшаға келсе, әдемі гүлдерге қонып, өзіне қажет шырынды жинайды. Ал бақшаға шыбын келсе, ол әдемі гүлдерді көріп тұрса да, оларға қонбайды. Ол болса, өзіне қажет лас, сасық жерлерді іздейді. Кім болсын өзіне ұқсасты іздейді, соған жақын болуға тырысады.
Ондай болса, әй бауырым, сен бал арасы сияқты бол, басқа біреудің жақсылығын көруге тырыс. Ал басқаның күнәсін, қателігін көруге тырыссаң, анау шыбыннан не айырмашылығың бар? Яғни, басқадан өз бойыңда барды іздеген боласың».
Қуат ҚАБДОЛДА