Индонезияның ұлттық ғұламалар кеңесі мұсылмандарға криптовалютаны төлем құралы ретінде пайдалануға тыйым салды. Құны болжамға келмейтін факторларға байланысты болғандықтан, сандық ақша харам деп танылды. Бұл туралы Reuters діни қаулылар бөлімінің басшысы Асрорун Ниам Шолехке сілтеме жасап хабарлады.