Сұрақ: Бес жыл бұрын ажырасқан күйеуіме қосылу үшін қайта неке қию керек пе?
Жауап: Ислам ғалымдары бұл сұраққа жауап беру үшін Құран аятын алға тартады. Себебі мұнда бұл мәселеге ашық әрі түсінікті жауап берілген:
«Ал енді күйеуі оны (үшінші рет) талақ етсе, ол әйел бұдан былай, басқаға үйленбейінше оған халал емес» (Бақара: 230).
Осы аятты негізге ала отырып, ҚМДБ «Пәтуа» бөлімі бұл сұраққа төмендегі пәтуаны берген:
«Әйелін үш рет талақ еткен ер адам жұбайын қайта ала алмайды. Қайта үйленулері үшін әйел басқа бір еркекпен тұрмыс құрып, онымен қосылып, ол адам оны талақ етіп, әйелдің күтетін етеккір мерзімі (иддә) бітуі тиіс. Міне, сонда ғана бірінші күйеуі ол әйелді жаңа мәһрмен жаңа неке арқылы өзіне ала алады».
Пәтуаны айшықтай түсер болсақ, күйеуімен толық ажырасқан әйел «Ол өзімнің бұрынғы күйеуім» немесе ер адам «ол өзімнің бұрыңғы жарым» деп екі жақ өзара келісіп, некесіз қайта отбасын құра алмайды. Олардың жаңадан неке қиюылары – міндет. Бірақ неке қию үшін жоғарыда айтылғандай шарт бар: «әйел басқа бір еркекпен тұрмыс құрып, онымен қосылып, ол адам оны талақ етіп, әйелдің күтетін етеккір мерзімі (иддә) бітуі тиіс».
Бұл шарт бізге ажырасудың қаншалықты ауыр екенін көрсетеді. Ерлі- зайыптылар ажырасып, қайта қосылудың осындай ауыр шартын білген соң, ажырасудан бұрың мың ойланады деп сенеміз.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ
Ажыраспаудың амалын жасау керек. Әрине, түсініспеушілік әр үйде болады. Десе де, барынша төзімділік танытып, сабырлы болу қажет. Отбасы шаңырағын шайқалтпауға тырысу керек.
Дұрыс айтасың сіңілім. Толықтай келісемін!
Салеметсиздер ме? Биз жолдасыммен неке кимадык мешитте, бирак занды некелесип, ажырастык. 3 жыл отти, косыла аламыз ба?
Ассалаумалейкум уа рахматуллахи уа баракатук менің жолдасым 4 жылдың ішінде 3 талақтан 3 рет аитты. 1 шісінде өзара келісіп қайта тұрып кеттік, 2 шісінде имамға өзі барып шын ниетпен аитпаған болса неке бұзылмайды деп өзі барып сұрап келді. Онда да қайта тұра бердік. Енді тағы ашу үстінде анықтап тұрып Пәленше қызы пәленше саған 3 талақ, 3 талақ деп аитты. Содан имамға өзім бардым. Имам мән жайды тыңдап маған талақ түскендігін аитты. Енді мен басқа күйеуге тұрмысқа шықпайынша өз күйеуіме адал еместігімді аитты. Енді күйеуім мені өтіріктен басқа біреуге некемді қидырып қаита өз некемізді жаңартамыз деп аитқанына өкініп отыр. Мұның қаншалықты дұрыс не бұрыс екендігін аитып берсеңіздер.
Маған да күйеуім 3 талақ айтып алып, енді қайта қосыла алмай жүрміз. Қайта қосылу үшін басқа адамға тұрмысқа шығып келу керек деген масқара. Сонда бұл әйел затын қорлау, намысын аяқ асты ету ғой. Біз мұсылман мемлекеті емеспіз, кішкентайымыздан дінді танып өспейміз. Араб емеспіз, медреседе оқымағанбыз. Күйеулеріміз жұмаға барып, сақал қойып алады да талақ сөзін олай да, бұлай да қолдана береді. Бұрын жас жұбайлар араздасып, бірнеше рет ажырасып, кейін жап-жақсы семья болып кетіп жататын.Қазір неге талақ айтты болды неке жоқ деп ажырастырып отыра береді молдалар да. Ажырасатындай да ешнарсе болмаса да талақ сөзін қолдана салады. Сондықтан, бұл мәселені көзі ашық ғалымдар қайта қарауы тиіс. Бұл біздің елге мүлде сәйкес келмейді. Сонда әйелдің тағдыры не болды? Шынымды айтсам осындайды көрген соң ислам дінінен де көңілім қалып отыр. Алдында намаз оқып, осы хақ дін деп жүруші едім. Осыны ертерек шешіп бермесе және бір тоқтамын айтпаса мына қоғам шынында да Талақгүлдер мен Талақбергіштерге айналады.