Сұрақ: Ажал періштесі келгенде адамның ақыреттегі жағдайынан хабар бере ме?
Жауап: Періштелер дүниеде жасаған амалына қарай жантәсілім ететін адамға қайырымды немесе үрейлі бейнеде көрінетіні мәлім. Бұған мысал, кейбір қайтыс болған адамның жүзінде кіршіксіз күлкі байқалса, басқасында қорқыныш пен үрей көрінеді. Қазақта «Жүзі Әзірейілді көргендей өзгеріп кетті» деген сөз осыдан қалса керек.
Егер де адам тіршілігінде ізгі амалдар жасап ғұмыр кешкен болса, өлерінде қиналмастан тез жан тапсырады. Ондай мүміндердің рухын періштелер гүл тәрізді аялап ұстап, көкке алып кететіні айтылады. Құдай Тағала «Назиғат» сүресінің 2-аятында: «(Алған әмірлерін) қуаныш және ынтамен әрекет еткендерге» деп хабар берген.
Ал имансыздың жанын алуға келген періште тым үрейлі, қорқынышты кейіпте көрінеді. Оның өлгеннен кейінгі баратын жерін сездіре келеді. Бұл жағдай Құранда былай суреттелген: «Періштелер, сондай қарсы болғандардың беттеріне, арқаларына, ұрып: «Күйдіретін азапты татыңдар!» деп жандарын алғанын көрсең!» (Әнфал: 50) және «Сондай өздеріне зұлымдық еткендердің періштелер жандарын аларда: «Ешбір жамандық істемеп едік» деп сылтау айта бастайды» (Нахыл: 28).
Демек, ажал періштесінің мүміндерге жақсы жағынан көрінуі нығмет болса, имансыз адамға жаман жағынан көрінуі олар үшін азаптың бір түрі екен.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ
Мына ғаламтор парақшасында https://kazislam.kz/qandaj-kasip-zhaqsy/ келтірілген мақалада «Қандай кәсіп жақсы» деген сауалға жауап ізделінген. Бұл парақша ашылмай тұр қазір. Дегенмен аталған сауалға жауап беріп көрелік. Көптеген жайтта, кәсіпті дұрыс таңдай білу – өміріңнің бақытты болуына себі тиюі мүмкін шарттың бірі. Өзіңнің сүйіп істейтін кәсібіңді таңдау артықшылық береді. Адам тағдыри болмысынан әр түрлі әрекеттің арнайы кейбіріне артықша бейімдірек болып жаратылады. Бұл бір жағынан миллиондаған жылдар бойы өмір сүріп келе жатқан адам жанының өткен өмірлерден жинақтаған кәсіптік мамандануының салдары болса (мысалы, біреу қаншама көптеген өткен өмірлерінде ғылыммен айналысумен болған, сондықтан мына өмірде озат ғалым, тағы біреу қаншама көптеген өткен өмірлерінде өнермен айналысумен болған, сондықтан мына өмірде озат өнерпаз т.б.), екінші жағынан оның жанының тағдыр тақтасында (исламдағы «Лаух Махфуз» яғни «Пешене тақтасы») жазылған мамандануына байланысты болады. Адам жанының тағдыр тақтасында жазылған мамандануының саны қанша, түрлері қандай? Мұны тереңірек түсіндіру үшін «Рух әлемдері» кітабынан төменде үзінділер келтірелік.
РУХ ӘЛЕМДЕРІ
(Жалғасы. Басы мына сілтемедегі мақала астындағы Нұр атты аутор комментарийінде: https://kazislam.kz/rukh-degen-ne-ol-turaly-tolyk-zhaz-an-kitap-tappaj-zh-rmin-islamda-rukh-turaly-ne-ajtady/)
3. Әрекет құпиясы
Әр әрекеттің бір нәтижесі болады. Ол нәтиже үлкенді-кішілі мөлшерде әрекет етуші адамның өзіне қайта оралып, өміріне ықпал етеді. Мұны «қарымта заңы» (бұл кей ежелгі Шығыс елдерінің философиясында «карма» делінсе, исламда Әл-Қадар не «тағдыр заңы» деп аталады,) деп те атайды… Мәселен, біреу екінші бір адамның көлемді мөлшердегі материалдық меншігін әділетсіз түрде иемденіп кетті делік: тонады, ұрлады т.б. (Осы арада айта кету керек: жыныстық тәртіпсіздік – 3-нәсілдің, ал ұрлық – 4-нәсілдің басты күнәсі болатын. Бұлар қазіргі адамзат – алдыңғы екі нәсілге қарағанда эволюциялық жоғарырақ деңгейге өткен 5-нәсіл – арасында ендігі жоқ болуы тиіс ежелгі теріс қасиеттер деп саналады). Біраз уақыттан (апталар, айлар, жылдар не келесі өмірлердің бірінде) соң әлгі ұрлықшы кенеттен үлкен зиян келтіретін оқиғаға ұшырайды – мысалы, ауыр да азапты ауруға шалдығады, не бір апаттан жарақат ап, мүгедек болады не өте жақсы көрер туғаны немесе сүйгенінен айрылады, не өзі аса үлкен материалдық не моральдық шығынға ұшырайды, т.б. Яғни «біреуге ор қазса, соған өзі түседі»… Себебі өңгенің меншігін әділетсіз иемденіп кету арқылы біреуге жіберген зияншектіру энергиясы айналып кеп өзін соғады…
3-сызба. «Қарымта заңы» механизмі
«Қарымта заңы» («Тағдыр заңы») бойынша адамның басқа біреулерге бағыттаған энергиясы (ой, сөз не әрекет) түбінде өзіне оралып отырады… Ол заңның қызмет ету жүйесі 3-сызбада көрсетілген. Мұны сөзбен былай түсіндірелік (себебі, мына сайт геометриялық тілмен жеткізілген сурет және өңге де ақпар фигураларын көшіріп, орналастыруға қабілетсіз. Бұл еңбектегі сызбаларды көруге болатын ғаламтордағы парақшалар сілтемесі сәл кейінірек – Құдай қаласа – оқырмандарға беріледі): кәдімгі сағат бетін елестетіңіз. Енді сағаттың уақыттың қазір дәл қанша болғанын көрсететін жебешесінің (орысша: «стрелка») сағатты білдіретін цифрларды көрсетіп тұратын ұшын елестетіңіз. Енді сағат 12:00-ді (яғни, 24:00 не 00:00-ді) көрсететін нүктені елестетіңіз. Бұл нүктені шартты түрде «0» деп белгілейік. Яғни, «0» – бұл әрекет иесінің белгілі бір әрекетті істеу сәтіндегі ахуалы деп қарастыралық. Оның босатқан энергиясы (істеген әрекеті, яғни, жақсылығы не жамандығы) түбінде өзіне оралады (Шартты түрде алып түсіндіргенде, сағат жебешесі ұшының «0» сағаттан басталып, соған түбінде қайта айналып кеп отыратыны (сағат 1, 2, 3 т.б. –ларды біртіндеп көрсете отырып, сағат 12 нүктесіне оралуы) тәрізді, әр адамның да істеген әрекеті – қайраты (энергиясы) – кеңістік арқылы саяхаттап кетіп барып, өзіне қайтады).
…Қарымта заңын қарапайым тілмен түсіндіргенде: қайғыртқан – өзі қайғырады; жылатқан – өзі жылайды; өлтірген – өзі өлтіріледі (осы не келесі өмірлерінің бірінде); қуандырған – қуанады т.б. Өмірдің бұл негізгі заңының басты ахлағы (моралі) – «Өзгелердің өзіңе не істегенін қаламасаң, өзің де оларға ондай нәрселерді істеме», – дегенге кеп саяды… Қарымта заңы механизмі бойынша әрекетші қиратқанын қалпына келтіруі, ренжіткенін уатуы, қайғыртқанын жұбатуы, өлтіргенін өмірге әкелуі (мәселен, өткен өмірде құрбан қылғанын келесі өмірде әкесі не шешесі боп туғызуы-тууы арқылы), материалдық қарызын қайтаруы, т.б. берешегінің немесе бүлдіргенінің орнын толтыруы қажет… Яғни, болмыс энергетикалық баланс (тепе – теңдік) заңына негізделген. Бұл Ұлы тепе – теңдік (Батыс тілдерінен енген «баланс» терминінің тағы бір мәні – «мизан» яғни «таразы») – Жаһани Әділет заңы – бүкіл түпсіз Ғарыштық кеңістік ауқымында әсер етеді. Исламдағы «Қиямет таразысы» термині міне осыбір Қарымта заңына меңзейді…
…Алла Тағала – рахымы кең, Ұлы Кешірім иесі. Бұған бұрынғы уақыттарда біреуге жапа көрсетіп ап, онысына өкінгендер үшін Жаратқанның беретін жеңілдіктері мысал бола алады. Мәселен, өткен өмірден келе жатқан адам қателіктерінің соққысын жеңілдету үшін ол (өзін кінәлі деп сезінген) адамның сәйкес шаралар қолдануына болады – ол үшін өзгелерге жақсылықтар істеуі тиіс (с.і. адамзаттың рухи эволюциясына көмекші болу?). Мысалы, жетімхана балаларына көмек ету, сұраған тіленшілер мұқтажын өтеу, өзін ренжітушілерді кешіру т.б. Тәубаға (өкінішпен Жаратқаннан кешірім сұрап, күнәға себепші өз санасының кесел-әдетін түзеуді сұрау, ол күнәні қайталамауға шешім шығару) келу қажет. …Дөрекілік, әдепсіздік, киелі (дінге қатысты) нәрселерге немкетті қарау, өсек, жала т.б. сияқты сырт көзге мәні ұсақ-түйек боп қана көрінетін әрекеттер де адамға залалды карма жасайды… Ой да тағдырдың қалыптасуына әсер етеді. Біреу туралы нашар ойлау, оның жағымсыз қасиеттері жайлы ой, оның «қателіктерін» сынаушы ой толқындары т.б. – бұ да карма тағдырдың қалыптасуына теріс әсер етеді. Себебі ой – кеңістіктен Энергияны тартушы. Шоғырланған (бір нүктеге – ойлау объектісіне (нысанасына) – жинақталған) ой арқылы к-ө-ө-п нәрсеге қол жеткізуге болады: ойдағы белгілі бір жобаларды материализациялау (шын өмірде біраз уақыттан соң жүзеге асыру), рухани әлемдерде сәйкес затты елестету арқылы ол зат туралы толық білім алу (с.і. қазіргі ғылымға белгісіз), өзге адамдарға қолдау жіберу (жақсы тілек арқылы) т.б. Тек, өзгелерді олардың еркінен тыс (сенен көмек сұрамаса да) құтқаруға ұмтылу не осылай құтқарсам деп ой ойлау қажетсіз, себебі ондай қимыл Мәңгілік заңына сәйкеспеуі әбден мүмкін… Егер ол өзге адам сіздің туған-туысыңыз, жақыныңыз не досыңыз болса – онда жағдай басқа (дереу көмекке кеп, келісе әрекеттесу – парызыңыз).
…Хадистер ережелерін басшылыққа алу мұсылмандар үшін Қарымта заңы (“Әл–Қадар” не “тағдыр” заңы) шеңберіндегі парыздары мен қарыздарын оңтайлы түрде орындауға мүмкіндік берер жол боп табылады…
…Ажалсыздық кілті – (Жер ғаламшарындағы) тағдырдан азат етілуде…
4. Жан құпиясы
Әрбіріміздің ішімізде қарапайым, кәдімгі «менімізбен» бірге Жоғарғы Мен немесе Жан (Жоғарғы Эго, бұдан әрмен осы еңбекте – Эго) өмір сүреді. Оны «Үнсіз бақылаушы», «Ақылдың ұлы», «Каузалдық (яғни себептік) дене» деп те атайды… «Ақыл ұлы» менталдық планда (ой әлемінде) өмір сүреді. Ментал планы (ой әлемі) 2 бөлікке бөлінетінін айттық – нақты ой бөлігі (ментал планының 7 қабатшасының астыңғы 4 – еуі) және абстракт ой (үстіңгі 3 – еуі) бөлігі. Нақты ой бөлігінде адамдардың әр түрлі, алуандаған
ойлары өздерінің алғаш жаралған күйінде, нақты бейнеде тіршілік етеді. Ал абстракт ой бөлігінде заттардың пішіні (формасы, сыртқы кейпі, бейнесі) болмайды. Пішінсіздік рухани әлемдердегі өмірдің – соның ішінде даналық, Рухи Жан т.б. пландар өмірінің – өзіндік қасиеті… Ментал планының жоғарғы
бөлігі себеп әлемі делінеді, өйткені адамдар өміріндегі оқиғалардың себебі нақ осында бастау алады.
Жан ментал планының астыдан санағанда 5- қабатшасында өмір сүреді. Ол себеп әлемінде тіршілік ететіндіктен адам өміріндегі барлық оқиғалар мен хал-ахуалдардың себебі мен өзара ішкі байланысын айқын көріп тұрады. Демек ол адам проблемаларының шешімін де біледі; адамды не күтіп тұрғанын, адамның әр-түрлі шешімдерінің арты неге апарарын да біледі. Жан өткенді, қазірді және келешекті бір мезетте көреді. Сондықтан да Жанмен тұрақты байланысқа түсуге ұмтылу – шарапатты да ұтымды нәрсе
болмақ. Жан – біздің ең жақын Ұстазымыз. Барша Жоғарғы Рухани Ұстаздар өз көмегі мен тәлімін негізінен адамға осы адамның жаны арқылы береді…
Адамзаттың басым бөлігі Жанға 18,5 млн. жыл бұрын ие болды. Жан Лемурия заманынан бері
миллиондаған жыл бойы үздіксіз тірі келеді. Оған шаршау, қартаю, қалғу-ұйықтау, қайғыру т.б. секілді кей адами қасиеттер жат. Ол ментал планында өмір сүре отырып, мына физикалық планға (айналамыздағы көрінеу өмірге) тәжірибе жинау үшін периодты (қайталанбалы) түрде келіп-кетіп отырады. Бұл әлемде әрекет ету үшін оған арнайы киім керек. Ол киім – адамның денесі, яғни биоскафандр болып табылады. Бұл биоскафандр 3 қабаттан тұрады. Ол қабаттарды іштен тысқа қарай саралайық: нақты ой (ментал) денесі; сезім (астрал) денесі; физикалық (ет-сүйек) дене. Кәдімгі киім тозғанда адамның оны тастайтыны секілді, биоскафандр тозғанда да Жан оны тастайды. Бұл оқиғаны адамдар «өлім» немесе «қайтыс
болу» дейді (Яғни Жан назары ішкі, рухани пландарға қайтады). Кәдімгі адам ескі киімін тастаған соң жаңа киім киері секілді, Жан да оқу-тәжірибесін мына әлемде әрі қарай жалғау үшін жаңа киім киіп бұ дүниеге оралады. Бұл оқиғаны адамдар «сәби туды» немесе «жан дүниеге келді» дейді. Осы өмірде оқу-тәжірибе жия жүріп Жан өткен өмірлерінен келе жатқан тағдыри (кармалық) қарыздарын қайтарады…
Сөйтіп әр адам миллиондаған жыл бойы жасап келе жатқан Жан яғни Жоғарғы Мен болып табылады. Яғни кәдімгі адамның иесі, нағыз адам – ол (Жоғарғы) Эго екен.
Жан – адам үшін дана да өте тәжірибелі Қарт Ұстаз, құтқарушы да ең кемеңгер кеңесші…
…Тоталитарлық билеу режимі – қоғам тіршілігінің қай саласында болмасын, мейлі саясат, мейлі дін т.б. – руханиатты жаншитын, рухтың тіршілігі мен көрінеуленуіне айқын түрде қарсы бағытталған қимыл болып табылады…
Жанның, Оның кеңестерінің кілтін қалай табамыз? Ол (яғни, Жан) қатынас құралы ретінде сөзді – оның кәдімгі адамнан тағы бір өзгешелігі – қолданбайды ғой!
Жан өз ақпарын ерекше нәзік ықпалдар (нәзік толқындар) арқылы түсіндіреді. Жаннан әсер алудың бірнеше әдісі бар: интуиция көмегімен; медитация (концентрлі ойлау – жоғарғы рухани сфералардағы Нұр– нүкте бейнесіндегі өз Жанын бақылау) арқылы…
…Көптеген белгілі ойшылдар, соның ішінде кей ірі ғылыми жаңалық ашқан ғалымдар, өздерін толғандырған мәселе шешімін ұйқы кезінде түсінде тапқаны мәлім. Бұл шешімдер оларға еш нәтиже бермеген әрі көп уақытын алған қажырлы да ұзақ ақыл-ой ізденісі (әрине мұндай жаттығу, ізденістер олардың ойды бір нысанаға шоғырлау қабілетін жетілдіруіне көп көмек еткені сөзсіз; ал мұндай қабілет интуицияны дамыту үшін таптырмас құрал боп есептеледі) кезінде емес, олардың босаңсыған, сананы толық босатып қоя берген ұйқы кезінде келген екен (…Түс жору ғылымының маңызы!..)…
…Интуицияны жетілдіру – бүгінгі нәсілде адамдар үшін ең басты эволюциялық қажеттіктердің бірі боп табылады. Интуиция арқылы мәселелердің шешімі айқын да дәл табылмақ. Интуитивтер, интуициясын жетілдірген адамдар – ол адамзат нәсілдерінің жетекші өкілдері, яғни – данышпан, генийлер.
Жан табиғаты – махаббат (барша Болмыс пен тіршілікке деген себепсіз әрі риясыз мейірім). Демек, махаббатқа толы тербелісті ұстану (сәйкес жүріс-тұрыс) адамның өз Эгосымен интеграциялануына (ынтымақтасуына) көп жағдай жасайды. Өз Жанымен ынтымақтасқан тұлға өз қайраткерлігінің барша сфераларында әлдеқайда жемістірек әрекет етеді.
Жан – тұлғадан («личность», «personality»: 1-сызбаны қараңыз) әлдеқайда жоғарғы энергияның иесі (Тұлға – ол адамның физикалық, астрал және ментал денелерінің әрқайсының тербелістерінің өзара әсерлесуі нәтижесінде қалыптасқан оларға ортақ, біртұтас тербеліс). Жан мейірімі – сентименттер емес; ол – өзгелерге қатысты дұрыс ойлар мен дұрыс сезімдер, яғни дұрыс адами қатынастар (Жан кәдімгі сезіми ғашықтық, жақсы көру шырмалысы, сондай-ақ жек көру, қайғыру, бақытсыздық секілді көңіл-күй ахуалдары өмір сүретін астралдық (сезіми) планда емес, келесі – астралдан жоғарырақ – менталдық планда мекендейді ғой). Сонымен бірге Жан табиғаты – Жарық, Нұр…
Жанға адамдарды бөлу, «мен» және «өзге» деп жіктеп қарастыру жат. Ол бар кісілерді біртұтас дене ретінде сезінеді, оның санасына нағыз бауырмалдық тән…
Адамзаттың кәзіргі эволюциялық кезеңдегі басты мақсаты – Эголар әлемімен бірігу. Жалпы жекелеген күштер мен елдердің тұйықталған оқшау блоктары емес, бүкіләлемдік ауқымдағы интеграциялануға бағытталған адамдар мен халықтардың барша ұмтылыстары мен әрекеттерінде осы қозғалыстың салдарын көреміз.
Жанмен бірігу ісінде рухи ережелерді сақтау аса мәнді. Өйткені Жанның көркем табиғатымен үйлесімге келу үшін нақ сондай көркем заңдарды ұстану қажет. Мәселен, көктен келген киелі 4 кітаптың бірі Тәураттағы Қасиетті 10 заңды алайық. Онда Алла Тағала адамға былай деп бұйырды: «1. Маған ғана табын, аспанда, жерде не су астында бұт жасама; 2. Бұтқа табынба; 3. Құдай есімін орынсыз (не қалай болса солай қателікпен, қылмыс жасау үшін) қолданба; 4. Дін күнін (Исламда – Жұма) құрметте (Құдайды есте ұстауға арна); 5. Әке-шешеңді сыйла; 6. Кісі өлтірме; 7. Зина (некелілер арасын жыныстық қылмыспен бұзу не өз некелі жұбыңа опасыздық істеу) жасама; 8. Ұрлама; 9. Бөгде адамға жала жаппа; 10. Біреудің үйі, әйелі, ер не әйел қызметкері, мал-мүлкіне көз алартпа (іштарлықпен өзіңе қалама).»
Рухи заңдарды – мәселен, Хадистерде айтылған – сақтау адам тұлғасының тербелісін Жан тербелісімен үйлесімге әкеп, түбінде толық бірігуге жол ашуы тиіс… …Жан деңгейінен түсетін ақпар физикалық миға (астралдық дененің де өз миы бар екенін ұмытпайық) қарай төмендегенде нақты ой мен эмоциялар
(астрал) пландарынан өтеді.
Эмоциялық планның өзінен өткен информацияны басынан аяғына төңкеріп жіберетін – кей оптикалық линзаның өзінен өткен кескінді төңкеріп көрсетері тәрізді – қасиеті бар. Сондықтан эмоциялық дененің (өткізгіштің) Жаннан келе жатқан ақпарды қисайтуға (иллюзиялар қосуға) бейімдігін естен шығармау абзал (мәселен, түс көру кезінде). Түс көру кезінде эмоциялық өткізгіштің – күнделікті оқиғаларға қатысты сезіми реакциялар ретіндегі – өз тербелістері де көрініс табуы мүмкін…
Жалпы астрал дене неғұрлым сабырлы, қозғалыссыз болған сайын Жан ақпары физикалық миға дейін соғұрлым жеңіл әрі айқын (бұлыңғырланбай) жетеді. Астрал дене адамның кез-келген көңіл әсерінен мазасызданып, толқиды. Бұл мазасыздыққа – сезім денесіне жақын орналасқандығынан – нақты ой (ментал) денесі автоматты түрде ілеседі; соңғы жайт хаосты одан әрі өршітеді. «Сабыр түбі – сары алтын»…
Мұндай мазасыздықтан құтылудың дұрыс жолдарының бірі – астралдық денеге мазасыздығын тоқтатуды (жуасуды) бұйыру. Тағы бір әдісі – назарды рухани нәрселерге аударып әкету, сонда эмоциялық планның жабысқақ сезім-қобалжулары ауқат жетіспеуінен өздігінен өліп бітеді (Сана назары бір ой не сезімге ауғанда оларды автоматты түрде энергиямен қоректендіре бастайды. «Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, жақсы ой да, жақсы сезім де жарым ырыс екен…).
…Күн атар алдындағы таң арайы уақытының өте шапағатты болуында да өзіндік бір сыр бар… Тілек тілеу уақыты… Медитацияға қолайлы…
Адам өз Жанын естуге әрі тыңдауға машықтанса, ол дұрыс әрекет істеп, дұрыс ойлайтын болады; бұл оны көптеген қиындықтардан азат етеді және оларға ұрындырмайды.
Жан (Жоғарғы Эго) құпиялары өте, өте көп әрі аса терең…
5. Иерархия.
Иерархия!
…Адамзаттың эволюциясы өте ұзақ, кәдімгі адам ақылының дұрыс салмақтауға шамасы жетпейтін дерлік уақыттардан бері жүріп келеді… Артта қалған көптеген миллиондаған жылдар бойғы адамзат тарихы Иерархияға мәлім.
Иерархияны адамзаттың Ішкі, Рухани Жетекшілігі деп те атауға болады.
Иерархия мүшелері – әдетте (Ғалами) Ұстаздар мен Ағарғандардан құралады.
Біздің планетада адамның меңгеруіне болатын 9 ағару белгілі:
1- Ағару: «Туу» 6- Ағару: «Шешім»
2- Ағару: «Ағынға ену» 7- Ағару: «Тірілу»
3- Ағару: «Лашық» 8- Ағару: «(Ұлы) Жетісу»
4- Ағару: «Безіну» («Құтылу») 9- Ағару: «Бас тарту»
5- Ағару: «Уахи» («Құпияның аян болуы»)
1- ағаруға жету үшін адам көптеген сынақтардан мүдірмей өтуге тиіс
1- ағаруды меңгерген жан – жүрегінде адамзатқа деген махаббат біржола орнығып, адамзатқа риясыз қызмет жолын біржола таңдаған жан. 1- ағару мен 2- ағару арасы әдетте өте көптеген өмірді (инкарнацияларды – яғни «туу (келу) – өмір сүру (тәжірибе жию) – өлу (оралу)» циклдерін ) қамтып, ұзаққа созылады. Бұл екі аралықта адам астрал план тұмандары мен бұлттарындағы адасуларды бастан кешеді.
2- ағаруды меңгерген Жан, «Ағарған» адам – ол өзінің физикалық және астрал денелерін толық меңгерген, бағындырған Жан. Эволюция нәтижесінде физикалық дене өз қызметін – мысалы ас қорытуды
– қапысыз түрде бейсаналы атқаратын (яғни жұмысы сана табалдырығынан төмен түскен, сананың бақылауынсыз жүретін) автоматқа айналғаны сияқты, 2-деңгейлі ағарғанның астрал денесі де өз қызметін
автоматты атқарады. Ондай астрал дене әдетте мүлде мазасыз, қозғалмаған мөлдір күйін сақтайды. Бұл мөлдірлік астрал өткізгішіне ментал, каузал және рухани денелер информациясын бұрмаламай физикалық миға қарай дәл өткізуіне мүмкіндік береді. Жалпы физикалық-эфирлік, астрал, ментал, даналық, рухи Жан денелерінің түгелі – энергия мен ақпар өткізгіштері екенін ұмытпайық. 2 – деңгейлі ағарғанды сезім әлемі тербелістері (барша сезім түрлері) тартпайды, таңырқатпайды, шырмамайды. Яғни ол сезім (астрал) планы иллюзиясынан – азғырулардан – азат жан. Оның физикалық және астрал денелері толық біріккен, ынтымақта қимылдайды.
2- ағарту мен 3- ағарту («Лашық») араларын бірнеше кейде бір өмір- инкарнация ғана бөледі.
Өзін ізгілік жолына түсіре алмағандар, шыңырау терең эгоизм құлына айналғандар (Сол Қол жолындағылар не «қара магия» адепттері) осы екі ортада Жоғарғы Эволюция Жолына кететіндерден (Оң Қол жолындағылардан) біржола айрылады.
3- ағаруды алғандар (бұл ағаруды исламда көктен түсті деп саналатын қасиетті 4 кітаптың бірі Інжілде «Трансфигурация» яғни «(Нұрға) Айналу» деп те атайды) Рух яғни Монада энергиясын қолдану қабілетіне ие болады. Ондай Ағарған өз физикалық, астрал және ментал денелерін кемелінше бір-бірімен біріктірген. Оған ментал планының тербелістерінің яғни әртүрлі ой формаларының – иллюзиялардың – әмірі жүрмейді. Ол өмірді, Нақтылықты айқын көреді. 3- ағартуда санада орын алар өзгерістердің тереңдігі сонша, оларды суреттеуге кәзіргі сөз қорымызда сәйкес терминдер жоқ. Мұны түсіну үшін іс жүзінде бастан
өткеру керек. Жалпы адамзат бұл рухи даму сатысына жетуі үшін әлі көп, көптеген миллион жыл қажет…
Рухтың (Монаданың) ерекше қасиеті – Ерік. Бұл бөгеттер дегенді білмейтін, себебі олармен жұмыс істемейтін Энергия. Ол көздегенін сөзсіз болдырады.
3-деңгейлі Ағарғанның физикалық тәні өңге адамдардың көзін қарықтырар нұр шашу қабілетіне ие болады. Олардың ой әрі сезім әлемдерінің пәктігі мен нұрлы, мейірлілігі физикалық планда өстіп айқын көрінеді. Әрі ол бұл қабілетін өзі қалаған жағдайда ғана өзгелерге ашық көрсетуі мүмкін – әдетте, аталған өзге адамдардың рухи ұмтылысына дем беру үшін… Көбіне олар бұл қабілетті құпия ұстайды, себебі олар үшін мақтан – жат қылық…
Оларды әрекетке сезім (қалау) не ой итермелемейді; олар Рух импульсі негізінде жұмыс істейді. Ал Рух тек баршаның игілігі үшін жұмыс істейді; ол өзі туралы мүлде қам жемейді.
3- Ағарту мен 4- Ағарту («Безіну») арасы кейде 1 өмір алады, ал жалпы сол 3- Ағарту алынған өмірде «Безіну» («Құтылу») яғни 4- Ағартуды меңгеру мүмкіндігі де бар.
4- Ағарту тағдыр дөңгелегінен, өлімге кіріптарлықтан азат етеді. Яғни адам Жер ғаламшарындағы тағдырға тәуелділіктен толық бостандық алады…
(Жер ғаламшарындағы) Тағдыр – миллиондаған жыл бойы адамның бұрынғы өмірлерінде және қазіргі өмірінің өткенінде істеген істерінің (ойлары, сезімдері, әрекеттерінің), өзгелермен қарым-катынасының
жиынтық нәтижесі боп табылады. Әл Қадар не тағдыр заңы бойынша адам ізгі ісі үшін ізгі, қатігез ісі үшін қатал қарымта алуы тиіс. Өткен өмірлерде іске аспаған ойлар мен сезім-қалаулар да тағдыр жібін тігеді.
Осы тағдыри (кармалық) «жіптер» – энергиялық магниттік байланыстар (бұл бізге мәлім физикалық магниттен әлдеқайда жоғары да әлдеқайда нәзік магниттік энергия түрі боп табылады) – адамды өмірге еріксіз қайта тартып әкеп тудырады: ол өткендегі өз әрекеттерінің қарымтасын алуы үшін. Өткен өмірлерде іске аспаған ойлар мен сезім-қалаулар да іске асуға ұмтылып бұ дүниеге адамды шырмап, о дүниеден (астрал мен ментал әлемдерінен) қайта тартады. Осы өмірде өтеп үлгірмеген өткен ұмырлардан
келе жатқан тағдыри қарыздарын өтеу үшін адам еріксіз өледі. Сөйтіп ол фәни әлемінде (3 әлем – физикалық, сезім, ой – әлемдері жиынтығында) бұғауда ұсталады.
Фәни әлем тағдырынан құтылу үшін адам өткен өмірлеріндегі барша бүлдіргенін орнына келтіріп, қарыздарын қайтаруы керек: бұл шарт 3 әлемге де қатысты физикалық, астрал, ментал – орындалуы тиіс.
Мысалы біреуді өте қайғыртса, оған сонша қуаныш сыйлауы керек немесе дәл сондай қайғыны өз басынан өткеріп, сол қайғыртқан жанды кешіруі керек (астрал планының тағдыри қарызы өтелуіне мысал); физикалық әлемде біреудің ақысын жеп кетсе не бір затын қиратса, қарызын толық қайырып, қиратқанын орнына келтіруі немесе құнын төлеуі керек (физикалық тағдыр мысалы); ойша бір жоба жасап, соның салдарынан адамдар бір зиян шексе, бұл зиянды толық залалсыздандыруы тиіс (менталдық тағдыр мысалы).
4- ағарту Рух энергиясын барынша мол босатады: Монада энергиясы каузалдық денені – Эгоны – қиратып, күл-талқан ғып жібереді. Нақ осы Эго, себептік дене, Жан адамды тағдыр түрмесінде ұстап, еріксіз туу мен өлу заңына кіріптар етеді.
4- ағартуда каузалдық дене күйрейді де адам тұлғасы Рухпен – Рухи Жанмен – бірігеді. Адам енді бейнеленген, адам бейнесіндегі Рухқа айналады. Демек Қыдыр Баба (Қызыр Ата)– ол 4-ші не одан жоғарғы ағартуларды игерген адам.
4- деңгейлі ағарғандарға өлім заңы жүрмейді. Олар өз еркінше бұл әлемге келем десе қалаған адам бейнесіне еніп (Рух энергиясын қолдану арқылы) келе береді. Қажетсінсе қайта рухани пландарға оралады, ал жаңағы қалауы бойынша жоқтан дереу пайда қылған жасанды денені дереу қайта жоқ қыла салады (ол «сағым денесі» делінеді).
Рухани пландар сапалары – шындық, (үзілмес) разылық, өмір, бірләндік (барша тірінің біртұтас екендігінің айқындығы), мәңгілік. Кей Шығыс елдерінде 4-деңгейлі ағарғандарды Рахаттар деп те атайды.
4- ағартудан соң 5- ағарту айтарлықтай тез алынады. 5- Ағарту Иесі – Ғаламдық Ұстаз деп аталады. Ол – адамзат Ұстазы. Ғалами Ұстаз – Ерік, Даналық-Мейірім және Парасат қасиеттерін Рух деңгейлерінде, Рухи Жан планында кемел игерген адам.
Бұл деңгейлердегі Тіршілік пен Парасаттың заңғарлығы сонша, егер ондағы өмір қасиеттерін кәдімгі адамзатқа түсіндірмек болсақ, кәзіргі адамзат өмірі мен ғылымын өсімдіктерге түсіндірудің қиындығына ұқсас қиындыққа тап болар ма едік, қайтер едік?..
…Кәзіргі адамзат (өзінің әдеттегі өмір сүру пландарынан жарты планға жоғары орналасқан) Жан әлемімен толық бірігуі үшін әлі 10 миллион жылдай уақыт керек екенін ескерейік. Ал Рухи Жан планы Жан планынан бүтін 2 планға жоғары…
Рух Энергиясының төменгі әлемдердегі басты белсенділігі – қирату боп табылады. Себебі, бұл әлемдердің тіршілікке бөгеу болар барша шектеулері (осы әлемдерде кез-келген заттың төзімділік шегі бар екенін, сыртқы не ішкі қысым одан асса ол заттың қирайтынын еске алайық) Рух үшін Өз өмірін тұншықтыру боп саналады. Себебі Рух еш бөгеу, шектеу дегенді білмейді. Оның асы – Азаттық. Мына материалдық әлем қатынастары Жоғарғы, Рух тұрғысынан қарағанда өмірді жан-жақты бұғаулап-матайтын
қапас боп табылады. Рухтың төменгі әлемдерде тек өзінің өкілі – Эго – арқылы ғана біліне алатыны содан. Себебі Рухтың тіке көрінуі материалдық форманың қирауына әкеледі… Форма – Рух түрмесі іспетті.
Әдеттегі адам үшін бұл өмірге туу, тіршілік ету – барша қызық бастауы болса; Ұстаздар үшін бұл материалдық өмірге келу (өте сирек жағдайда адамзат эволюциясына ерекше оң әсер етер белгілі бір істі жүзеге асыру үшін Ғалами Ұстаз өмірге қарапайым адам тәрізді туып келуі мүмкін) – өліммен пара-пар екенінің мәні осында…
Өмір 3 аспектіден тұрады: Мазмұн – Сапа – Форма (кейіп, тысқы материалдық тұлға). Адамға қатысты бұл схема келесідей жіктеледі: Рух (толық ішкі мазмұн) – Эго (сапа) – Форма (кейіп, сыртқы бейне яғни
көрінеу дене). Мазмұн – Сапа мен Форманы туындатар себеп. Яғни, Рух – барша өмірдің көзі, Нағыз Өмір.
Әр нәрсе тірі, себебі барша заттың құрылысының негізі боп табылатын әрбір атом – тірі. Әр атом Мазмұн, Сапа, Формаға ие.
Ғалами Ұстаз үшін Жер әлемінде енді танып-білетін еш сыр жоқ.
Бұл планетарлық тізбекте оған бәрі белгілі, ол мұндағы эволюциясын аяқтаған адам. Ол планетарлық тізбектен азат, яғни өз эволюциясын жоғарырақ эволюция жүріп жатқан өзге планеталық схемаларда жалғауға толық хақылы. Ғалами Ұстаздарды Жерде тек адамзатқа деген махаббаты-тілеулестігі ұстап
қалуда.
6 – шы және одан да жоғарғы Ағарулардың табиғаты кәдімгі адами санадан мүлде биік болғандықтан оларға мүмкінінше қысқа тоқталайық. 6 – Ағаруды игергендер Жер бетіндегі тылсымдардың тылсымы –
Алла Тағала Еркі белгілі орталыққа жол тартады.
7 – Ағару – Мәңгілік Жоғарғы Эволюцияға жолдама береді.
8 – Ағаруды (“Ұлы Көш”) игеруші Ағарған Ғарыши Астралдық Планға жоғарылап, қоныс аударады. Ол осы Ұлық планда еркін еңбектенуге қабілетті.
9 – Ағаруға барлық Ғалами Ұстаздардан құралатын Иерархияның Бас Жетекшісі, Ұстаздардың Ұстазы, адамдар мен періштелердің (періштелер – Жердегі бізге параллель эволюция өкілдері, бұларды
Дэвалар деп те атайды) Ұстазы Имам Мәдидің (буддистер оны Майтрейя, христиандар – Христос, үнділер – Кришна, ебрейлер – Мошиах не Машайық т.б. деп әр ғаламдық дін өкілдері өзінше атайды) 3 мың жыл бойы дайындалып келе жатқаны мәлім. Бұл Ағарту «Бас Тарту» деп аталады. Неден кім қалай бас тартатынының табиғаты жайлы – Мәди шәкірті боп табылатын бір Ғалами Ұстаз айтқанындай –
Ұстаздардың өзі бейхабар боп отырған бұл Жер бетіндегі шектік Ағарту жайлы сөзімізді осымен доғаралық… Себебі, «Бұл саты тым заңғар»…
Ғарыш тіршілігін реттейтін 7 Сәуле-Энергия ағыны бар:
1- Сәуле: Ерік Сәулесі.
2- Сәуле: Даналық – Махаббат Сәулесі.
3- Сәуле: Парасат, Белсенді Таным Сәулесі.
4- Сәуле: Сұлулық немесе Қақтығыс арқылы Үйлесу Сәулесі.
5- Сәуле: Ғылым не Нақты Білім Сәулесі.
6- Сәуле: Идеализм не Берілгендік Сәулесі.
7- Сәуле: Ұйым, Тәртіп не Рәсім (Церемониалдар) Сәулесі.
Әр Сәуленің өзіне тән қасиет-сипаты, табиғаты болады.
Бұлардың әрекеті планеталық өмірді, Күн жүйесінің өмірін
қалыптастырады. Жердегі жылдың 4 маусымы – күз, қыс, көктем, жаз –
секілді, бұл 7 Сәуленің де өз ғарыши маусымы (көріну периоды) болады.
Мәселен, Жерде соңғы 2 мың жыл бойы дерлік 6 – Идеализм Сәулесі
үстемдік етті. Артқа қарасақ, 2 мың жыл бойы (әр-түрлі) Идея салтанаты
үшін сол идеяға берілген идеалистердің діни жорықтарын; түрлі сенім
мен нанымдар, идеологиялар үшін шайқастарды; идея үшін жан алып,
жан берген таластардан көз тұнатынын байқаймыз. Сонымен бірге
бұл Сәуленің дәуірлеген кезеңінде адамизаттың осы идеалистік энергия
негізінде талай тамаша жетістікке қол жеткізгенін көруге болады (Мыс.,
христиан және ислам діни этикалары таралуы; осы діндер негізінде
туған қоғам өмірінің барша саласындағы тамаша жетістіктер; Қайта Өрлеу
мәдениеті, қазіргі өркениет пен руханиат т.б.).
Кәзір 6 – Сәуле манифестациядан (көрінеуліктен) тез кетіп барады, тіпті ке-
тіп болды десек те артық айтпаспыз. Орнына 7 – Сәуле заманы қарыштай
адымдап бірер соңғы ғасыр бойы үстемдік алып келеді. Біз 6 – Сәуле Энергиясы-
ның сахнадан кетуі дәуірінде өмір сүрудеміз. Сондықтан кәзір белгілі бір идеяға,
идеалистік ағымға, идеологияға абсолютті түрде берілу көпшілік арасында
сиреп бара жатқан құбылыс екенін көреміз (Керісінше, идеялар мен идеялық
құндылықтар алуандығы мақұлданылады). 7 – Сәуле Ұйым, Тәртіп
Энергиясының салтанатын әкелуде. Барша жерде ұйым, ұйымдастыру, рет,
тәртіп, рәсім (церемониал) принциптері басымдық алуға, бағалануға
бейімдік танытуда. Бұл принциптерді қадарынша сақтай әрі пайдалана
білген топ, адамдар тобы мына заманда үлкен жетістіктерге қол жеткізу
мүмкіндігіне ие бола алады.
…Құранда «Бұрұж» яғни (аспан) «Шоқжұлдыздар(ы)» сүресі бар. Мұның атауының
өзі жұлдыз әлемдерінің Жердегі өмірге терең әсерлі екеніне меңзейді…
…Біздер кәзір Суқұйғыш шоқжұлдызы энергиясының басым ықпал ету
заманына ендік. Бұл шоқжұлдыз энергиясы адамзатқа қазірден бастап
болашақта 2 мың жыл бойы дерлік әсер етіп отырады. Осы шоқжұлдыз
энергиясының басты қасиеттерінің бірі – топтық әрекет (немесе
біріге қимылдау, ұйымшылдық) энергиясы (Ұйымшылдықта, жамағатта береке
бар екені жайлы Хадис сөзін ойға алайық)…
Біз аталған 7 Сәулелердің көрініс периодтарының Жер үшін
айтылып жатқанын ұмытпайық. Ал бүкіл Күн жүйесі үшін кәзір 2 – Сәуле,
«Даналық – Махаббат Сәулесі» манифестацияда. Жүйедегі бұл Сәуленің үстемдігі
миллиардтаған жылдардан бері созылып келеді әрі келешекте сондай
ұзақ уақыттарға, 2- Күн Жүйесі ғарыши ұйқы (көріністен
ғайыпталу, жойылу, яғни, ажалы келуі) сатысына кеткенше, созылады.
Сондықтан, Жер бетінде және жалпы Күн Жүйесіндегі ғаламшарлар өмірінде
Мейірім жолы – Рухи кемелдікке жеткізер ең төте жолдың бірі саналады…
Одан соң 3 – Күн Жүйесі келмек, онда басты Сәуле – «1 – Сәуле» болады.
7 Сәуленің әуелгі 3-еуі «3 Аспект Сәулелері» деп аталса, қалған 4-і – «4 Атрибут
Сәулелері» делінеді…
Иерархияда 1 Бөлім (Ерік Бөлімі) түбірлік нәсілдердің тууы, өсуі және
ғайып болуы мәселелерімен айналысады – бұл процестерге дем беру
осы бөлім қолында.
2- Бөлім (Даналық-Махаббат Бөлімі) рухани оқыту-тәрбиелеумен
айналысады. Барша рухи (эзотериялық) даналық, уахилар (жоғарғы аяндар,
білімдер) мен әлемдік діндер адамдарға осы бөлім көмегімен келеді.
Тағы бір Бөлім (Парасат, Белсенді Таным Бөлімі) адамзат өркениетін
жетілдірумен айналысады: барша қоғамдық құрылым мен әлеуметтік
ұйымдасудың жетілуі, ғылыми жаңалықтар, технологиялық прогресс
т.б. сыртқы өркениетке қатысты нәрселерге осы бөлім шабыт береді.
Аталған 3 Бөлім 3 Аспект Сәулесіне негізделе құралған…
Сондай-ақ, Иерархия қарамағында әрбірі 7 Сәуленің бірі негізінде жұмыс
жасайтын 7 Ұлы Медресе – яғни, (Ғалами Ұстаздар тәрбиесіндегі) шәкірттерді
оқытар мектеп – бар.
Иерархия адамдарды, адамзатты адами эволюциядан асаадами эволюцияға
дайындайды…
(Жалғасы бар.)
Тереңірек түсіну үшін келесі сілтеме ашып, ондағы мақала астындағы пікір бөлімінен Нұрдың комментарийлерін оқыңыз:
https://kazislam.kz/rukh-degen-ne-ol-turaly-tolyk-zhaz-an-kitap-tappaj-zh-rmin-islamda-rukh-turaly-ne-ajtady/
https://kazislam.kz/zhannat-pen-tozaqtyng-ortasynda-meken-bar-ma/
https://kazislam.kz/tus-zhoru-durys-pa/
https://kazislam.kz/d-rys-d-a-zhasau-debi/
https://kazislam.kz/zhanga-hadis-zhinaqtary-zharyq-kordi/#comment-8037
https://kazislam.kz/qudajdyng-razylyghyn-qalaj-alugha-bolady/#comment-7352 https://kazislam.kz/zhanuarlar-adamnyng-kormejtinin-kore-me/
https://kazislam.kz/duniede-pajghambar-zhetpegen-qauymdar-bar-ma/#comment-7632 https://kazislam.kz/nege-quranda-pajghambardyng-s-gh-s-esimi-az-atalghan/
https://kazislam.kz/ne-ushin-pajghambardy-s-gh-s-habibulla-dep-atajdy/#comment-7636
https://kazislam.kz/islamda-ne-ushin-bilimnen-buryn-tarbie-qazhet/