Сұрақ: Азанның қандай құпиясы бар?
Жауап: Азан мұсылмандарды намазға шақырумен ғана шектелмейді. Оның ерекшелігі жетерлік. Мысалы, азанды естіген адамға мынадай нәрселерді есіне салады екен:
1) Алланың бар және Оның бір екенін;
2) Мұхаммедті (с.ғ.с.) Оның елшісі екенін;
3) Ақырет өмірінің бар екенін және т.б.
Сіздерге мына кереметті естеріңізге салайын:
Сонымен қатар пайғамбар (с.ғ.с.) азанның мынадай қасиетін айтқан. Алла Тағала пендесінің дұғасын қабыл алатын уақыттар бар екен. Сондай сәттердің бірі – азан мен қаматтың арасындағы уақыт. Бұл аралық дұға қайтарылмайтын уақыттың бірі. Осы сүйінші хабарды ести салысымен сахабалар Пайғамбардан (с.ғ.с.):
– Бұл кезде қалай дұға қылғанымыз жөн? – деп сұрайды.
Пайғамбар да:
– Алладан осы дүние мен ақырет үшін кешірім сұраңдар! – деп жауап береді (Термези 3594, Ахмед ибн Ханбал 12612).
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ