Сұрақ: Азанның қандай құпиясы бар?

Жауап: Азан мұсылмандарды намазға шақырумен ғана шектелмейді. Оның  ерекшелігі жетерлік. Мысалы, азанды естіген адамға мынадай нәрселерді есіне салады екен:

1) Алланың бар және Оның бір екенін;

2) Мұхаммедті (с.ғ.с.) Оның елшісі екенін;

3) Ақырет өмірінің бар екенін және т.б.

Сіздерге мына кереметті естеріңізге салайын:

Сонымен қатар пайғамбар (с.ғ.с.) азанның мынадай қасиетін айтқан. Алла Тағала пендесінің дұғасын қабыл алатын уақыттар бар екен. Сондай сәттердің бірі – азан мен қаматтың арасындағы уақыт. Бұл аралық дұға қайтарылмайтын уақыттың бірі. Осы сүйінші хабарды ести салысымен сахабалар Пайғамбардан (с.ғ.с.):

– Бұл кезде қалай дұға қылғанымыз жөн? – деп сұрайды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Өмірден озған ата-анам үшін не істей аламын?

Пайғамбар да:

Алладан осы дүние мен ақырет үшін кешірім сұраңдар! – деп жауап береді (Термези 3594, Ахмед ибн Ханбал 12612).

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Пікір жазу