ЖАУАП: Қазақ: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», – деген. Дана халқымыз бала дүниеге келген сәттен бастап имандылықты бойына сіңірген. Ислам дінінің қазақ топырағына келуімен халқымыздың өмірінде ұлы өзгерістер мен бетбұрыстар жасалды. Қазақ даласында Ибраһим, Дінмұхаммед, Әлихан, Ахмет сынды дін мен ділдің жанашыр тұлғалары өмірге келді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) бір хадисінде: «Қиямет күні өз аттарыңызбен және әкелеріңіздің аттарымен шақырыласыздар. Сондықтан балаларыңызға жақсы ат қойыңыздар», – дейді. Бабаларымыз балаға азан шақырып, ат қоюға асқан жауапкершілікпен қараған. «Балаға қойылған ат, оның болашағына әсері болады», – деп, сәбиге жақсы есім қоюға мән берген.