БҰҰ штаб-пәтерінде Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу мінез-құлық кодексіне қол қою рәсімі өтті. Аталған құжаттың пысықталуы 2015 жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясы шеңберінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген бастамасы аясында жүзеге асырылды.
Салтанатты рәсім Арнайы жоғары деңгейдегі іс-шара форматында өткізілді. Кодекске әлемнің жетпіс мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері мен жоғары өкілдері қол қойды.
Кодексті Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов таныстырды. Ол құжаттың негізгі мақсаттарын, атап айтқанда 2045 жылға қарай терроризмге қарсы халықаралық міндеттемелердің кең ауқымын іс жүзінде жүзеге асыруға және терроризмнен азат әлемге кең жаһандық коалиция құруға серпін беретіндігін баса айтты. Кодекс алғашқы рет қауіпсіздіктің, терроризммен күресудің және дамудың өзара тәуелділігін таниды және осылайша Тұрақты даму мақсаттарын алға ілгерілетуге ықпал етеді.
Бас хатшының орынбасары – БҰҰ Терроризмге қарсы күрес басқармасының басшысы Владимир Воронков, Африка Одағының бейбітшілік және қауіпсіздік жөніндегі комиссары Смаил Шерги, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Терроризмге қарсы күрес жөніндегі комитетінің төрағасы Густаво Меза-Куадра және БҰҰ терроризмге қарсы күрес орталығының басшысы және Ислам ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы күрес тобының басшысы Абдалла Аль-Муаллими баяндама жасады.
В. Воронков Астананың Мінез-құлық кодексін дайындау бойынша бастамасын жоғары бағалап, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде, оның үстіне террористік құрылымдармен күресуге қатысты үш санкциялық комитеттерінде басшылық етудің табысты жұмысын атап өтті. Терроризмге қарсы бағыт Бас хатшы Антониу Гутерриштің реформалар бағдарламасының басты басымдықтарының бірі болып табылады. Жаһандық терроризмге қарсы стратегияның (ЖТС) жүзеге асырылуы ең жақсы келістілікті, әлеуетті нығайтуды және сенімді серіктестікті қамтамасыз етеді. Оған қоса, ол ЖТС-ті іске асыру жөніндегі Орталық Азиядағы бірлескен іс-қимыл жоспарын одан әрі жүзеге асыруды және Қазақстанның оған донор ретінде қосқан үлесін қуаттады. Сонымен бірге терроризмге қарсы күрестің кешенді шараларын үнемі жаңартуға, оның ішінде тиімді превентивті құралдарды қолдану арқылы қажеттілікке назар аударылды.
Сондай-ақ басқа баяндамашылар Кодекстің халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы және БҰҰ-ның терроризмге қарсы архитектурасының маңызды қадамы ретінде қабылданғанын атап өтті. Құжатта террористік актілерді жасауға территорияны бермеу, терроризмге төзбеушілік және мұндай зұлымдыққа мемлекеттік және қоғамдық біртұтас тәсіл сияқты мәселелер атап өтілген. Қазақстан ұсынған терроризмнің алдын алу және оған қарсы күрес стратегиясының құрамына үш негізгі элемент кіреді, атап айтқанда: терроризммен күрестің өзара байланысын нығайту бойынша әлеуетті құру; инновациялық аймақтық тәсілді пайдалану; сондай-ақ БҰҰ шеңберінде үйлестіруді нығайту, әсіресе, оның БҰҰ штаб-пәтерінде және тиісті жерлерде жұмыс әдістерінің тиімділігін арттыру және ашықтық пен есеп берушілікті қамтамасыз ету.
Кездесуге қатысушылардың пікірінше, құжат халықаралық инструментарий мен терроризммен күрестегі ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды негізге айналады. Мінез-құлық кодексі барлық халықаралық қауымдастықтың ұжымдық қолдауына лайық және осыған байланысты оған қосылатын елдердің саны жақын болашақта арта түсетініне үміт білдірілді. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар Кодекстің постулаттары практикалық түрде іске асырылуына және онда қамтылған міндеттемелердің орындалуының қажеттілігіне назар аударды.
Анықтама:
Мінез-құлық кодексі терроризмге қарсы күрес жөніндегі 19 көлемді халықаралық салалық конвенцияларға қарағанда, терроризмге қарсы күрестегі міндеттемелерді қамтитын 10 қарапайым және түсінікті постулаттары бар сиымды құжат болып табылады:
1. Терроризмге қарсы халықаралық міндеттемелердің кең ауқымын практикалық түрде іске асыруға серпін беру;
2. Саяси немесе геосаяси мақсаттарға жету үшін террористік топтарға тікелей немесе жанама қолдау көрсетуге жол бермеу;
3. Терроризмге қарсы күрестің кешенді шараларын және терроризм мен террористтік қызметті алдын алу бойынша жүйелі қадамдарды қолдау;
4. Терроризмге қарсы күрестің кешенді тәсілдерін, атап айтқанда, БҰҰ қызметінің негізгі бағыттарын біріктіретін бейбітшілік пен қауіпсіздікті, тұрақты дамуды және гуманитарлық кеңістікті қолдану;
5. Халықаралық деңгейде ұжымдық күш-жігерді, соның ішінде экстрадициялау немесе қылмыстық қудалау қағидаты негізінде деректер мен ақпаратпен алмасу, өзара құқықтық көмек көрсету және қылмыскерлерді қудалау немесе оларды террористік акт жасалған елдерге беру арқылы күшейту;
6. Барлау және ақпарат алмасу, шекара қауіпсіздігін нығайту, құқықтық және қылмыстық сот төрелігі саласындағы шараларды күшейту, өзара алмасуды қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда, озық тәжірибені тарату сияқты салаларда аймақтық ынтымақтастық пен үйлестіруді қарқындату;
7. Террористер мен олардың жақтастарын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, соның ішінде Интернетті, террористік актілерді жасау, итермелеу, жалдау, қаржыландыру немесе жоспарлау мақсатында пайдалануды болдырмау және оған қарсы тұру жөніндегі шараларды қолдану, сондай-ақ террористік үгіт-насихаттың таралуын және бейбітшілікті, төзімділікті, қатар өмір сүруді және құрметтеуді қолдауға, оған қоса өшпенділіктің, жалғандықтың және терроризмнің барлық түрлеріне жол бермеу үшін террористердің нарративтерін тиімді стратегияларын әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу;
8. Терроризмге қарсы күресте халықаралық қоғамдастықтың шұғыл келісілген іс-қимылын жүзеге асыру және оның таралуына ықпал ететін жағдайларды шешу, соның ішінде:
– ЖТС-ті орындау;
– үш бағытты стратегияны алға ілгерілету, соның ішінде: терроризмге қарсы күрестің өзара байланысын нығайтуға бағытталған әлеуетті құру; инновациялық аймақтық тәсілді қолдану; сондай-ақ БҰҰ шеңберінде үйлестіруді күшейту, БҰҰ штаб-пәтерінде және тиісті жерлерде жұмыс әдістерінің тиімділігін арттыру және ашықтық пен есеп берушілікті қамтамасыз ету;
– БҰҰ мен оның тиісті құрылымдарымен одан әрі ынтымақтастықты және үйлестіруді нығайту;
– практикалық түрде ыңғайлы мерзімде Халықаралық терроризм туралы жалпыға ортақ Конвенцияны жасау туралы келісімге қол жеткізу мақсатында консенсус құруға талпыну;
9. Мінез-құлық кодексі арқылы БҰҰ-ның 100-жылдығына терроризмнен еркін әлемге қол жеткізуге ұмтылатын әріптестер коалициясын құру;
10. Кодекс шеңберінде міндеттемелерді орындау және ынтымақтастықы жандандыру бойынша күш-жігерді қолдау.