Сұрақ: Ауызды қандай тағаммен ашқан дұрыс?
Жауап: Пайғамбар (с.ғ.с.) ауызды асқазанға жеңіл тиетін тағаммен ашуға шақырған. Мысалы, «Кімде-кім ауыз ашса, құрмамен ашсын. Құрма таппаса, сумен ашсын, өйткені су пәк нәрсе» (Әбу Дауд, Термези).
Сол сияқты Әнас ибн Мәлик: «Расулалла (с.ғ.с.) үнемі намаз оқыр алдында аузын жаңа үзілген құрма, болмаса кептірілген құрмамен ашатын. Ол болмаса бірнеше ұрттам су ішетін», – деген хадис жеткізген (Әбу Дауд және Термизи).
Күн ұзақ тамақ түспеген асқазанға бірден қою тамақ жеу немесе дереу тойып жеу денсаулыққа зиян. Сол үшін ауыз ашқан уақытта аз мөлшерде және жеңіл тамақтан жеген дұрыс.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ