Ауғанстан қауіпсіздік күштері Бамиян мен Парван провинцияларындағы екі ауданды «Талибан» қозғалысы содырларынан қайтарып алды, деп Aнадолу агенттігі хабарлады.
Ауғанстан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, тәліптер басып алған аймақтарды қайтару операциялары жалғасуда.
Бір тәуліктің ішінде Бамияндағы Кахмард пен Парвандағы Шейх- Али аудандарын азат ете алды. Тәлібтер адам күшінде едәуір шығынға ұшырап отыр. Көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді.
Тәлібтер бұл мәлімдемеге әлі түсініктеме берген жоқ.
Бұған дейін үкіметтік күштер «Талибан» отрядтарын Нимруз және Бамиян провинцияларындағы екі ауданнан қуып шыққан болатын.
Маусым айының соңынан бастап тәлібтер Ауғанстанның Өзбекстан мен Тәжікстанмен шекаралас аудандарын түгелдей басып алды.
Елдің оңтүстігінде тәлібтер өз шабуылын Газни провинциясына шоғырландырды.
8 шілдеде «Талибан» Иранмен шекарадағы «Ислам Кале», ал 14 шілдеде Пәкістанмен шекарадағы «Спин Болдак» өткізу пунктін басып алғанын жариялады.