Сұрақ: Әуелі қаза оразаны тұту керек пе әлде Шәууәл айының оразасын ұстаймыз ба?
Жауап: Адам баласы барлық уақытта мол пайдаға, көп сауапқа кеңелуді қалайды. Алайда Рамазан айының оразасы парыз, ал Шәууәл айының оразасы – нәпіл екенін естен шығармаған жөн. Бұған қоса пайғамбардың (с.ғ.с.) Ибн Мәжадан жеткен: «Кімде-кім Рамазан айының оразасынан соң Шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса, бір жыл ораза ұстағандай болады» деген хадисте әуелі «Рамазан айының оразасынан соң…» – деп айтылған.
Демек, кімнің Рамазан айында қазасы болса, ол адам әлі Рамазанды толық тәмамдамаған саналады. Бұл пікірді басшылыққа ұстанған дін ғалымдарының айтуынша әуелі парыз болған (Рамазан айынан қалып қойған) қаза оразаны өтеп алған абзал. Кейін сүннет – Шәуәл айының алты күнін ұстай береді.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ