Жақында интернет желісінде қиын жағдайға тап болған келіншектің видеосы жарияланды. Өзін Заринамын (есімі өзгертіліп алынды) деп таныстырған әйел күйеуінің алдап соғып далада қалдырғанын айтып жылады.
Кейін Атыраудағы «Шапағат» деструктивті ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының теологымен бірлесіп, Зарина (есімі өзгертіліп алынды) есімді әйелмен кездесудің сәті түсті.
Жасы отыздан асқан келіншек екінші мәрте тұрмыс құрған екен. Бірақ, екінші рет құрған некесі «талақ» деген сөздің көмегімен екі ақ минутта бұзылып шыға келді.
«Шынымды айтсам, бұл күйеуімнің нақты қай жерде туып-өскенін де білмейді екем. Өзім Оңтүстік жағының қызымын. Бірінші некеде жолым болмады. Есесіне ұлым мен қызым бар. Күйеуім екеуміз ажырасқан кезде өзара келісіп, мен қызды, ол ұлды өзімізде қалдыратын болып шештік.
Ұзақ уақыттан соң қоңырауыма жауап берген күйеуім менімен енді бір некеде тұра алмайтынын айтып, телефонмен «талақ» берді.
Осылай арада күндер өтіп жатты. Сөйтіп жүргенімде екінші күйеуіммен таныстым. Менің бұрын некеде болғаныма, балаларымның барына қарамастан, ол мені қабылдайтынын айтты. Бір-екі рет саябақта кездесіп, қыдырыстағаннан соң ол маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады.
«Менің әйелім боласың, ата-анаммен, жақындарыммен таныстырамын» деген оның сөзіне сеніп, етегінен ұстауға бекіндім. Бірақ, әрине мен күткен таныстық болмады.
Сөйтіп жүргенімізде ол Атырау қаласына жұмыс бабымен ауысатынын айтты. Әпкемнің сонша қарсы болғанына қарамастан, бақытым үшін жігітіммен соңына дейін бірге болуға бекіндім. Сөйтіп, біз Атырауға келдік.
Кейін ауданға кеттік. Бұл кезде бақытымды тапқаныма іштей қуанып жүрдім. Оның үстіне қызым да жанымда еді. Арада екі айдай уақыт өткенде аяғымның ауырлағанын білдім. Бір күні күйеуім жұмыстан соң үйге келмей қалды. Соққан қоңырауыма жауап бермеді. Алаңдай бастадым. Сөйтіп, WhatsApp нөміріне хабарлама жазып қалдырмақ болдым.Қалаға табан тиісімен күйеуім әлдекімдерге хабарласып, жалдамалы пәтерге келуді өтінді. Осылайша, біздің некеміз қаладағы жалдамалы пәтердің бірінде қиылды. Яғни, неке қиюдың ырымын күйеуімнің танысы жасап шықты.
Зарина облыс орталығы Атырауға жету үшін тіпті, қайыр сұрауға мәжбүр болған
Телефонымның интернет байланысын қосқаным сол еді, күйеуімнің WhatsApp-тағы авасына белгісіз әйелмен түскен суретті қойғанын көрдім. Бастапқыда жыладым. Кейін өзімді сабырға шақырып, күйеуіммен ашық сөйлесіп көрмек болдым. Шыны керек, жүрегімнің түбінде «мүмкін бұл қарындасымен түскен сурет болар» деген үміт те болды.
Ұзақ уақыттан соң қоңырауыма жауап берген күйеуім менімен енді бір некеде тұра алмайтынын айтып, телефонмен «талақ» берді. Суреттегі әйелдің сүйген қызы екенін айтты. Мен қатты қорландым. Алданғаныма, махаббатқа сенгеніме өкіндім» деген Зарина облыс орталығы Атырауға жету үшін тіпті, қайыр сұрауға мәжбүр болғанын да айтты.
«Аз-мұз ақшамен Атырауға келгендегі басты мақсатым есім барда елімді табу болды. Туған өлкеме қайтып, әпкеме барамын» деген Зарина Атырауда да бірнеше рет қайыр садақа тілеп, тамақ асырапты.
Соңында амалы қалмаған ол арнайы видео жазып, халықтан ашық түрде көмек сұрауға мәжбүр болды. Қазір Зарина еліміздің оңтүстік өңірінде тұрады. Атыраудан мектеп жасындағы қызымен бірге аттанған Заринаның ішінде әкесі бас тартқан сәбиі де бар.
«Менің басымдағы жағдайды ешкімге бермесін. Қыздар шыққан тегін, отбасын білмейтін жігітке сенім артпасын, тұрмыс құруға асықпасын» деген Заринаның аманаты жастықтың буымен алып-ұшып тұрған қыздарымызға сабақ болса дейміз…