Каир университетінің ауыл шаруашылығы факультетінде жүргізілген зерттеулер мысырлықтардың төбесінен жай түсіргендей болды. Анықталғандай, олар жыл бойына жеп келген кейбір гамбургерлер, шаурмалар мен хот-догтардың құрамына шошқа, ит және есектің еттері қосылғаны белгілі болып отыр.
Ауыл шаруашылығы факультетінің бір топ зерттеушілері 2021 жылдың ақпан мен желтоқсан айлары аралығында нарықтағы ет фальсификациясын бағалау туралы мақала жариялады. Олар әртүрлі супермаркеттерден, базарлар мен көше саудагерлерінен еттерді зерттеуге алған. Сонда кейбір ет өнімдеріне жоғарыда аталған жануарлардың еттері қосылғаны белгілі болған. Шошқаның, ит пен есектің еті шариғат бойынша тыйым салынған, яғни арам екені белгілі.
Олардың айтуынша, әсіресе гамбургер, шаурма, хот-дог және таңғы асқа арналған еттің құрамынан аталған тыйым салынған қоспалар көп табылған.
Ал Қазақстандағы жағдай қалай екен? Аты “халал” дегенмен, заты харам тағамдарды жеп жүрген жоқпыз ба?