Сәрсенбі, 10 Тамыз, 2022
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ата Заң туралы 20 дерек

28.08.2020
- Мемлекет және дін
0
958
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 25 жыл. ҚР Конституциясы – әділет жолын көрсетер еліміздің Ата Заңы, айшықты құжаты. Ата Заң – Қазақ елі мемлекеттілігінің қалыптасуына, оның кемелденіп, нығаюына мүмкіндік беретін саяси-құқықтық миссияны атқарады.

Ширек ғасырдың ішінде тарихтан алған бай мемлекеттілік пен елдік дәстүрдің арқасында шапшаң түрде заманауи Қазақ мемлекеттілігінің негізін қалады. Айтулы мерейтойға орай, Ата Заңымыз туралы 20 деректі ұсынамыз.

  • Жаңа Конституцияны ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынып, оны Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда мақұлдады. 1995 жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енді.

  • ҚР Конституциясына 1998 жылғы  7 қазанда,  2007 жылғы 21 мамырда, 2011 жылғы 2 ақпанда, 2017 жылғы 10 наурызда және 2019 жылғы 23 наурызда өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

  • Конституциямызның алғысөзі былай басталады:

«Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз».

Шолпан-Атада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі басталады

Орталық Азия елдері экстремизм мен терроризмге қарсы бірлесіп күреседі

25.07.2022
Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы

Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы

25.07.2022
  • Ата Заңымыз 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Конституциямызда 9 мың 200-ден астам сөз бар. (Ескертулерді қоспағанда)

  • Конституциямыздың ең алғашқы бабы (1-бап):

«Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».

  • Конституциямыздың ең көп бабы – «Адам және азамат» бөлімінде жазылған. Мұнда 30 бап бар.

  • Ал, ең аз бабы – «Конституциялық Кеңес» бөлімінде жазылған. Небәрі 4 бап.

  • Конституциямызда «дін» сөзі 9 жерде кездеседі. Олар:

5-бап (Үкімет)

  1. Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады.
  2. Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының қызметіне, діни негіздегі партияларға, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді.
  3. Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі, сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады.

14-бап (Адам және адамзат)

  1. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

19-бап (Адам және адамзат)

  1. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.

20-бап (Адам және адамзат)

  1. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.

77-бап (Соттар және сот төрелігі)

7) ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;

  • «Террор» сөзі «Адам және адамзат» бөлімінің 15-бабы 2-тармағында кездеседі.

15-бап

  1. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.

  • «Зайырлылық» сөзі 1 жерде;

  • «Құқық» (құқығы) сөзі 102 жерде;

  • «Президент» сөзі 139 жерде;

  • «Парламент» сөзі 125 жерде;

  • «Үкімет» сөзі 60 жерде;

  • «Адам» сөзі 42 жерде;

  • «Халық» сөзі 14 жерде, ал «татулық» сөзі 2 жерде (1 және 39-бап);

  • «Демократия» сөзі 3 жерде;

  • «Ұлтаралық» сөзі тек 39-баптың 2-тармағында:
  1. Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады.

  • «Республика» сөзі 350 жерде;

  • Ал, «Қазақстан» сөзі 127 жерде кездеседі.
  • ҚР Конституция күні құтты болсын!

Дайындаған Руслан БЕГЕН

Не арқылы: Руслан БЕГЕН
Тегтер: Ата заңбасты тақырыпдіниКонституцияҚазақстан
Бөлісу23Твитерге14Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Дін көшбасшылары съезі қарсаңында қауіпсіздік күшейтіледі
Жаңалықтар

Дін көшбасшылары съезі қарсаңында қауіпсіздік күшейтіледі

09.08.2022
Жақыныңа жат болма
Ағымдар ақиқаты

Жақыныңа жат болма

05.08.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Діни-құқықтық сауаттылық – тұрақтылыққа сеп

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    2707 рет бөліскен
    Бөлісу 1083 Твитерге 677
  • Төрт мәзһаб – ислам

    1620 рет бөліскен
    Бөлісу 648 Твитерге 405

Соңғы жарияланымдар

Дін саласының мамандарына арналған семинар өтті

10.08.2022
0
Дін саласының мамандарына арналған семинар өтті

Толығырақ оқу

“Зекет” қоры 2 отбасыға баспана берді

09.08.2022
0
“Зекет” қоры 2 отбасыға баспана берді

Толығырақ оқу

Дін көшбасшылары съезі қарсаңында қауіпсіздік күшейтіледі

09.08.2022
0
Дін көшбасшылары съезі қарсаңында қауіпсіздік күшейтіледі

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00