Ата-анаға бой ұсыну, кішіпейіл болу, жақсылық жасау, дауыс көтермей жақсы сөз сөйлеу, разылығын табу – бұл барша мұсылманның міндеті. Алла тағала Құран Кәрімде былай деп бұйырады:
وَقَضَىٰ رَبُّكَ أَلَّا تَعْبُدُوا إِلَّا إِيَّاهُ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا ۚ إِمَّا يَبْلُغَنَّ عِنْدَكَ الْكِبَرَ أَحَدُهُمَا أَوْ كِلَاهُمَا فَلَا تَقُلْ لَهُمَا أُفٍّ وَلَا تَنْهَرْهُمَا وَقُلْ لَهُمَا قَوْلًا كَرِيمًا ﴿23﴾ وَاخْفِضْ لَهُمَا جَنَاحَ الذُّلِّ مِنَ الرَّحْمَةِ وَقُلْ رَبِّ ارْحَمْهُمَا كَمَا رَبَّيَانِي صَغِيرًا
«Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал, егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Тұћ” деме. (Кейіс білдірме.) Сондай-ақ, ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мархамет құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәхаметіңе бөлей көр!”,-де».
عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ رِضَى الرَّبِّ فِي رِضَى الْوَالِدِ وَسَخَطُ الرَّبِّ فِي سَخَطِ الْوَالِد
Абдулла ибн Ғамрдан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: “Алланың разылығы әке-шешенің разылығында, ал қаһары әке-шешенің ашуында”.