Ілім де, хикмет те, Аллаға деген ғашықтық та, шынайы мейірімділік те ішіп-жемнің адал болуына байланысты. Асқазанға түскен бір түйір ас бойда қызғаныш пен арамзалықты оятса және надандық пен ғапылдыққа берілуге сеп болса, онда мұндай ас – харам. Яғни, астың адал болуы адам бойындағы рухани кемелдікке бастар баспалдақ іспеттес.