Maqsut Narikbayev University-де «Public Library» атты қоғамдық кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
«Менің ойымша, университет әрқашан қоғамға қызмет етуі қажет. Сәйкесінше оның ішіндегі материалдық құндылықтар да сол миссияға сай болуы тиісті. Мысалы, қазіргі гаджеттер мен интернет белсенділігінің заманында кейбір түсініктер бойынша кітап оқу дегеніміз – ол сондай қиын жұмыс ретінде көрсетеді. Ал шын мәнінде, біз кітап оқуды сәнге айналдыра білуіміз керек. Кітап оқудың насихатымен айналысуға бар күш жігерімізді салуымыз керек. Яғни, кітапхана мақсаты қоғамдағы кітап оқуға деген құштарлықты оятып, кітапқа деген құрметті арттыруға арналған зона болғаны дұрыс. Бұл аймақ инновациялық идеяларды талқылауға, білімге шабыттандыратын таптырмас мүмкіндік болады деген үміттеміз», – деді Maqsyt Narikbayev University Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.
Жалпы ЖОО-дағы қоғамдық кітапхана деген жаңа ұғым емес. Мысалы, New York University, Harvard, Stanford сияқты әлемнің жетекші университеттерінде қоғамның қолдануына ұсынылған кітапханалар бар.
Public Library қоры сыйымдылығы 13 000 кітапқа дейін жетеді. Мінбердегі бірінші залда қазақ тіліндегі әдебиеттер, қазақ авторлары, әлемдік бестселлерлердің қазақ тіліне аудармалары, сондай-ақ Қазақстан туралы шет тілдеріндегі әдебиеттер орналасқан. Кейінгі залдарда бизнес, көшбасшылық, стратегия, менеджмент, команда құрылымы, адам ресурстарын басқару, коучинг, қаржы, қаржылық сауаттылық және инвестиция туралы туындылар бар. Сондай-ақ, бизнес-идеяларды қалай тексеру керек, стартаптарды қалай бастау керек деген сияқты, яғни барлығы болашақ және қазіргі кәсіпкерлер мен менеджерлерге арналған кітаптарды таба аласыз. Тарих, әлеуметтану, мәдениет, өнер бойынша да танымдық әдебиеттер бар.
«Философия» бөлімінде антикалық философиядан, классикалық неміс тілінен анархизм іліміне дейін кең ауқымды философтардың кітаптары ұсынылған. Сонымен қатар классикалық көркем әдебиет туындылары, публицистика, ғалам, ғарыш, жаратылыстану туралы ғылыми-көпшілік басылымдар және сериялық басылымдар. Денсаулық, дұрыс тамақтану және дене туралы әдебиеттер, психология бойынша әдебиеттермен қатар, мұнда жастарға арналған өзін-өзі тану, психикалық денсаулық және рухани даму туралы көптеген танымал кітаптар бар.
«Жалпы кітап адамның ішкі дүниесінің, ой-өрісінің білімін кеңейтіп, мұқтажын қанағаттандыратын рухани азығы болып қала бермек. Ал қоғамның әл-ауқаты, даму деңгейі білімге тікелей байланысты. Қазіргі саяси-экономикалық жарыста көш бастап, әлемдік аренада жетекші орын алу үшін – қоғамға рухани жаңғыртатын, білім мен ғылымға қолайлы орта ұсыну керек» , – деп атап өтті Нәрікбаев.
Айта кетсек, Public Library кітапханасы Maqsyt Narikbayev University-дің негізгі кіреберісіндегі холлда орналасқан. Оған кез келген Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары келе алады.
қоғамды