2022 жылдың 1 қазанында сағат 14:40-та елорданың «102» пультіне Астана-Талдықорған бағытында ұшатын ұшақта жарылғыш зат қойылғаны туралы белгісіз біреу қоңырау шалды.
«Хабарламаны тексеру үшін дереу төтенше жағдайлар қызметі жөнелтілді, адамдар эвакуацияланды, әуежай жұмысын тоқтатты. Нәтижесінде жарылғыш құрылғылар табылмады», — деп хабарлады көліктегі ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар қоңырау шалушыны анықтау үшін көлік полициясының жеке құрамы жұмылдырылды. Ол 1985 жылы туған Астана қаласының жұмыссыз тұрғыны болып шықты.
Ол қамауға алынды. Ер адамның айтуынша, ол ұшаққа кешігіп жатқан, сондықтан ұшу уақытын кейінге қалдыру үшін осындай шешім қабылдаған.
«Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаскүнем уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп қосты ПД Көліктегі баспасөз қызметі.
Келтірілген шығынды толық өтеумен 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тергеу барысы республиканың Ішкі істер министрлігі мен прокуратурасының ерекше бақылауында.