Министр Асқар Омаров жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды.
Минсистр Тараз қаласындағы облыстық дін істері басқармасы мен Дін проблемаларын зерттеу орталығында болып, аймақтағы діни ахуал туралы пікір алмасып, кәсіби мамандардың ой-ұсыныстарын тыңдады. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы өзекті мәселелерді талқылады.
Министр Жамбыл облысындағы ҮЕҰ өкілдерімен кездесті. Мемлекет басшысы азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуға басымдық беріп отыр. Жамбыл облысында 2022 жылы 700-ден аса ҮЕҰ қызмет жасайды. Қоғамдық бірлестік өкілдері өз ұсыныстарын, мәселелерін айтты.
Асқар Омаров сапар барысында облыс жастарымен жүздесті.
Бүгінгі буын өкілдеріне мемлекет тарапынан бөлініп жатқан гранттар мен жастар саясатына қатысты бағдарламалар туралы айтты.
Жастар волонтерлік қызметпен айналысу, гранттар, мемлекет тарапынан берілетін демеуақыны алу жолдарын сұрап, стартап жобаларын таныстырды.
Министр сапар аясында Jambyl телеарнасында болып, облыстық БАҚ өкілдерімен жүздесті.