Бұл кейбір мұсылман елдерінде, әсіресе Түркияда Ашура күні дайындалатын арнайы тағам. Бірнеше дәнді-дақыл мен басқа да қоспаларды араластыру арқылы жасалатын «Ашуре» (Ашура) қазақтың Наурыз көжесіне ұқсайды, бірақ өте тәтті әрі құнарлы. Жыл сайын Мұхаррам айының белгілі бір аптасында Ашуре жасалып, оны жақындары, достар, көршілер және басқа отбасыларға да дәм татқызып, бөліседі.

Ашуре қалай пайда болды?

Ашуренің алғашқы пайда болуы мен жасалуы жайлы ең көп таралған оқиға Нұх (ғ.с.) пайғамбарға қатысты. Бір деректе, Нұх пайғамбардың кемесі Арарат тауына тоқтағаннан кейін барлық жан-жануардың әр түрінен бір ұрғашы, бір еркек қылып жұбымен кемесіне мінгізген жануарлар су тасқынынан аман қалғаны үшін арнайы тамақ дайындауды көздейді. Алайда, осы тағамды дайындауға қажетті тағам түрлері өте аз болады. Содан кейін олар қолда бар қалған тамақты жинап, араластырып, осы тәтті  көжені пісіріп, дайындайды. Тәтті көже деп аталатын тағам содан бері жыл сайын дайындалып, таратылып, үлестіріліп келеді. Осылайша, Ашуре дәстүрге айналып кетті.

Ашуре тағамының маңызы

Қазіргі таңда нарықта тағамның түрі өте көп. Ашуре тағамы немесе тәттісінің тарихи мағынасымен қатар басқа да маңызды тұстары бар. Түрлі өнімнің бір тағамның ішінде орын алуы – бір қоғамды бейнелейді. Қоғамды құрайтын адамдар адамдар мінезі мен физикалық тұрғыдан бірдей емес, әртүрлі. Бірақ, әрқайсымыздың ерекшелігіміз біріктірілген кезде, өте жақсы бір орта пайда болуы мүмкін. Дәл осы – Ашуре тағамы секілді.

Ашуре неден жасалады?

Ашуре – бидай, бұршақ, ноқат, өрік және інжір сияқты бұршақ тұқымдастар мен жаңғақтарды бірге қайнату арқылы дайындалған тағам немесе тәтті (десерт).

Хижри күнтізбесі бойынша Мұхаррам айында осы тағамды әзірлеу мен таратылу салтын «Ашуре дәстүрі» деп атайды. Ашуре атауы арабша «ашура» сөзінен шыққан. Этимологиялық тұрғыдан еврей тілінде «оныншы» деген мағынаны білдіретін «асор» сөзінен туындайды. Сондай-ақ Ашуре, «Аладжа ас» (Alaca Aş) деп аталады.

Дәстүр бойынша Ашуре тағамы үшін ақша жұмсау – үлкен сауап. Дайындалуы машақатты, бірақ дәмі тіл үйірерлік. Ашуренің құрамында ондаған түрлі ингредиент бар. Әрі бұл тағамның құрамындағы ингредиенттер ортақ бір дәм келтіріп, өзіне тән ерекшеліктерін сақтап отырады, сондай-ақ бір-бірімен ассимиляцияға ұшырамайтын қасиеті бар.

Ашуре – құнары жоғары тағам

Ашуреге салынатын тағамдар, жасау уақыты мен мақсатына сәйкес өзгеріп отырады.

Пісірілген Ашуренің дұғасы оқылып, шипалы екеніне сенгені үшін алдымен науқас пен балаларға жегізеді. Кейін жақындары мен басқа адамдарға таратады. Ашуренің ыдысы жуылмай қайтарылады. Егер Ашуре артылып қалса, жеміс ағашының түбіне төгіледі және бұл ағаштар кейін көбірек жеміс салады деп сенеді.

Тіпті, «Ашуре бүріккіштері» атанған еріктілер, Ашурені кедейлер мен пақырларға таратқан.

Ашуре дәстүрі Исламнан бөлек, яһудилер мен христиандарда да бар және түрлі атаумен аталады. Ол Түркияның барлық жерінде танымал әрі осы күні Ашуре тағамына арналған түрлі фестивальдар өтіп тұрады.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Бас мүфти 4 баспана кілтін табыстады

Ашуре жасауға не қолданылады?

«Анадолы тағам өнері» кітабындағы рецептке байланысты Ашуре ингредиенттері:

          – 3 кесе (cтақан) ашурелік бидай;

          – 1 кесе бұршақ;

          – 1 кесе ноқат;

          – 1 кесе мейіз;

          – 6 інжір;

          – 6 өрік;

          – 6 кесе құмшекер;

          – 3 жалғыз қалампыр (кастрюльде қайнатылып, суы төгілген);

          – Даршын;

          – Жаңғақ.

Сабақ алайық!

Түркияның Президент аппараты Мұхаррам айына байланысты Ыстамбұл мен Анкара мешіттерінде Ашурені дәстүрлі түрде халыққа үлестіріп тұрады. Негізінде Мұхаррам айының оныншы күнінен кейінгі жұма күні таратылады.

Бұның себебі – ұлтының азапты күндерден сабақ алып, бірлік пен ынтымақты ту ететін болашаққа нық қадам басатын халық болуы. Қиын-қыстау күндерді басынан өткернен Хз. Пайғамбардың (с.ғ.с.) үмметі келешекте ауызбіршілігі жарасқан үмбет болуына септігін тигізу…

Денсаулыққа нағыз пайдалы ас

Ашуренің 7 пайдасы:

  • Жүрек-қантамырлары ауруларының алдын алады

Ашуреге қосылған барлық тағамдар өсімдіктектес өнімдер болғандықтан, қаныққан май мөлшері өте төмен және құрамында холестерин жоқ. Ашуреге қосылған фасоль, ноқат, бұршақтектес басқа да дақылдар мен жаңғақ омега-3 майы қандағы холестеринді азайтуға себепші болады.

  • Иммунитетті күшейтеді

Aшурe – дәрумен, минералы мен антиоксиданты көп десерт.

  • Өсуге септігін тигізеді

Өсіп-даму кезеңіндегі балалардың жаңа тіндерінің пайда болуы үшін энергияға, микро-макро қоректік заттарға (дәруменді-минералды) қажеттілігі артатыны белгілі. Ашуре – жоғары энергиясымен әрі дәрумендік-минералды көп болуымен, алуан түрлілігімен өсу мен дамуға, сондай-ақ балалар интеллектін дамытуға қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ететін десерттердің бірі.

  • Сүт июін арттырады

Бала емізетін аналардың энергияға қажеттіліктері артады. Олардың дұрыс тамақтануы сүт сапасына әсер етеді. Ашуре – жоғары энергиялы әрі дәрумен-минералды тепе-теңдігі арқылы емізетін аналардың сүтін көбейтуге көмектесетін тағам.

  • Іш қатуды жеңілдетуге әсер етеді

Ашуре ішіндегі ерімейтін нәруыз арқылы ішек әрекетін  реттеп іш қатудың алдын алады. Сондай-ақ ішек пен тік ішек секілді қатерлі ісік ауруларының пайда болу қаупін азайтады.

  • Депрессиядан сақтайды

В тобы дәрумендерін жеткілікті мөлшерде қабылдау және омега-3 май қышқылын қолдану жағымсыз көңіл-күй мен депрессия қаупін төмендететін факторлар. В тобы дәрумендердің көп бөлігін бұршақ, бидай және кептірілген жемістері бар Ашуреде болғандықтан, ол жағымды көңіл-күйдің болуына әсер етеді.

  • Вегетариандықтар үшін таптырмас тағам

Вегетариандықтардың ең үлкен проблемасының бірі – тағамдарынан жеткілікті түрде ақуыз ала алмау. Ашуреде бұршақ, фасоль секілді жаңғақ, грек жаңғағы, сондай-ақ майлы дақылдарда ақуыздар болады. Бұл вегетариандықтардың ақуызға деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін оңай әрі жеңіл тұтына алатын десерт ретінде саналады.

Ашуре – бұл сүйіспеншілік тағамы. Ашуре дәстүрі – бөлісудің, ынтымақтың, бірлік пен сүйіспеншіліктің, молшылық пен берекенің белгісі!

Дайындаған Руслан БЕГЕН

Пікір жазу