Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде бас имам Серікжан Еншібайұлы қала имамдарына жиналыс өткізіп, жат ағыммен күрес жұмысына қатысты арнайы тапсырмалар бекітті.
Жиын облыстың бас имамы: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі бағыттарының бірі – жат діни ағымдармен жұмыс. Аталған бағыт бойынша Ақтөбе өкілдігінің нәтижелі де сапалы жұмыс істеуі маңызды» деп атап өтті.
Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін атқарылған уағыз-насихат және оңалту жұмыстарына тоқталып, ендігі кезектегі күн тәртібіндегі өзекті мәселерді атап өтті. Одан өзге жыл қорытындысына дейін жасалу керек жұмыстарды тапсырды.