Бүгін Ақтау қаласында «Орталық Азиядағы мемлекет және дін қатынастары: қазіргі жай-күйі мен перспективалары» атты халықаралық форум басталды.
Маңғыстау облысы әкімдігі Дін істер басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан іс-шарада қазіргі таңдаңы діни экстремизм мен терроризм, деструктивті діни ағымдар, мемлекет пен дін қатынастары, т.б. өзекті мәселелер көтерілмек.
Халықаралық форумға Маңғыстау облысының әкімі Н. Ноғаев, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Е. Нүкежанов, Түркия Республикасы Анкара қаласы Хитит университетінің теология факультетінің доценті, профессор М. Евкуран, Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық бірлік пен діни саясатты нығайту жөніндегі сарапшылық кеңестің мүшесі, дін социологиясы ғылымдарының докторы, Исламтану ғылыми-зерттеу институтының директоры М. Мырзабаев, т.б. отандық және шетелдік мамандар қатысуда.
Форум бағдарламасына сәйкес пленарлық және секциялық отрыстар түрінде өткізіледі.
Форум соңында Орталық Азиядағы мемлекет және дін қатынастары: қазіргі күйі мен перспективалары бағытында қатысушыларға діни радикализмнің алдын алуды зерделеуге арналған халықаралық форумның материалдар жинағы ұсынылатын болады.
Маңғыстау облысы Дін істері басқармасы