Бүгін онлайн-форматта ҚР АҚДМ Дін істері комитеті мен АҚШ-тың Халықаралық діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі комиссиясы өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.
Жұмыс кездесуіне Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежанов және Халықаралық діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі АҚШ комиссиясының төрағасы А. Бхаргава, сондай-ақ АҚШ Мемлекеттік департаментінің қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында діни бірлестіктердің құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ халықаралық діни сенім бостандығы саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері жемісті талқыланды.
Сонымен қатар АҚШ-тың Халықаралық діни сенім бостандығы жөніндегі комиссияның жыл сайынғы баяндамасы талқыланды.
Кездесу соңында тараптар тығыз және өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі нығайту туралы ниеттерін білдірді.
Анықтама: АҚШ-тың Халықаралық діни сенім бостандығы жөніндегі комиссиясы (USCIRF) АҚШ үкіметінің тәуелсіз органы болып табылады, ол шетелде діни сенім мен сенім бостандығына жалпыға бірдей құқықты сақтауды бақылайды.