АҚШ-тың Бингемптон Университетінде жүргізілген зерттеу нәтижелері намаз кезіндегі қимыл-қозғалыстар омыртқаның төменгі жағында болатын ауруларды жеңілдететінін көрсетті.
Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, күн сайын тұрақты түрде намаз оқу адам омыртқасына терапевтік процедуралар секілді әсер етеді екен. Одан бөлек, намаз қан қысымы мен жүрек соғысын тұрақтандырып, бұлшықеттерді демалдырады.
Ғалымдар әсіресе намаздағы рукуғ (алға иілу) пен сәжденің (маңдайды жерге тигізу) белге пайдасы зор екенін айтады.
Олар мұндай қорытындыға келу үшін намаздағы қимыл-қозғалыстарды жекелей бөліп алып, пайдасын анықтаған. Мәселен, қиям (тік тұру): салмақ омыртқа сүйектеріне тепе-тең түседі. Рукуғ (иілу): бел мен жамбас бұлшықеттері тартылады. Қан дененің үстіңгі жағына жүгіреді. Рукуғтан көтерілу: бұлшықеттер босаңсиды. Сәжде: буындардың иілгіштігі артады. Басқа жақсы қан келіп, қысымның тұрақтануына әсер етеді, сонымен бірге жады мен концентрацияның жақсаруына ықпал етеді.
Екінші сәжде: дене қозғалысының ауысуы қан айналымын үдететіндіктен ағзаның тыныс алу, қан тамырлары мен жүйке жүйесінің тазалануына әсер етеді. Одан бөлек, сәжде кезінде асқазандағы тағам жоғары-төмен қозғалатындықтан, ол ас қорытуды да жақсартады.
Ғалымдар намаздың бел ауруларына пайдасы зор екенін айтып, оны күнделікті өмірдің бір бөлшегіне айналдыруға кеңес беріп отыр.