Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұжымы “АЛЖИР” мұражайын аралады
Бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында ҚР АҚДМ ұжымы «АЛЖИР» мұражайы мен мемориалдық кешеніне барды.
Іс-шара 20-ғасырдағы нәубетті жылдар құрбандарын еске алу және туған елдің тарихымен терең танысу мақсатында ұйымдастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 1997 жылдан бері ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленген.