Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров министрліктің алқа отырысында айтты.
Министр қоғамдық сананы жаңғырту саласында алты негізгі бағыт жатқанын атады.
Былтырдан бастап бағдарлама өскелең ұрпақты, әсіресе оқушыларды және мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге басымдық бердік. «Ұлттық тәрбие», Tiji және Nickelodeon арналарының балалар контентін қазақ тіліне аудару секілді ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Айтпақшы, жақында Tiji және Nickelodeon қазақ тілінде шығады, тұсаукесері өтеді, – деді Омаров.
Оның айтуынша, бұл бағыттағы басты басымдық – «Ұлттық рухани жаңғыру» және Жол картасы жобаларын сапалы іске асыру.
– Бұл стратегиялық құжаттар қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті, мемлекеттік тілді дамытуға, ұлттың мәдени кодын сақтауға және ілгерілетуге, жастардың жан-жақты дамуы мен өзін-өзі танытуына бағытталған, – деді Асқар Омаров.
Омаров алға отырысында мемлекеттік мекемелердің жұмысы БАҚ арқылы бағаланатынын да атап өтті.