Баршаға белгілі темір – адам организмінің даму процесін жүйелендіретін микроэлемент. Ол адамның бойында тыныс алу мүшелері, сүйектердің қатаюы мен нерв жүйелерінің дамуына, мидың қалыпты жұмыс жасап, иммунитеттің бұзылмауына ықпал етеді. Демек, темір ол адамның өмір сүруіне жағдай жасайтын ажырамас бір бөлігі десе болады. Алайда, темір ана сүтінің құрамында болмайды екен. Сонда тек сүтпен 2 жыл бойы қоректенетін сәби қалай өсіп дамиды, сүйек, буындары қалай қатаяды деген сұрақ медицина ғалымдары үшін бүгінге дейін жауапсыз келеді. Соңғы уақытта ғалымдар ана сүтіне зерттеу жүргізгенде расында онда ешбір темірдің болмайтындығы дәлелденген. Ана құрсақ көтерген уақытта өзінің денсаулығы үшін және іштегі баланың дамуы үшін темірге аса мұқтаж болады екен.
Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде барлық мәселе көкбауырда екені анықталды. Көкбауыр адамның көп зерттелмеген әлі қызметі толық ашылмаған мүшелердің біріне жатады. Құрсақтағы шақалақ ет жинап, көкбауыры толыққан уақытта анасының бойындағы қосымша тараған темірі 9 ай бойы сол шақалақтың көкбауырына жиналады. Сәби дүниеге келгенде ол дамып, жетілу үшін ешбір темірге мұқтаж болмайды екен. Себебі, 9 ай бойы көкбауырда жиналған темірдің көлемі оған 2 жылға дейін 24 сағат бойы дамуына жеткілікті болады. Ал, 2 жасқа толған бала емшектен шығып, жұрт қатарлы құрамында темірі бар ет, картоп, жаңғақ, жүзім секілді құрғақ жемістер және түрлі көкөністерді жеп, әрі қарай өздігінен даму үшін темір жинай алады. Сонымен қатар, құрсақтағы нәресте дамып, жетілу үшін тек өз бойындағы сақталған темір мен түрлі витаминдерді қолданады екен. Бұл өз кезегінде анасының денсаулығына зияны тимес үшін өте пайдалы болады.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы