Белгілі қоғам қайраткері Амангелді Айталы 83 жасында қайтыс болды.
Амангелді Әбдірахманұлы Айталы – ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, философия ғылымының докторы, профессор. ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі. Қазақстан Білім беру ісінің Құрметті қызметкері. Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы. Қазақстан Республикасының әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марқұмның отбасына көңіл айтты.
«Амангелді Айталының қазасы туралы қаралы хабар менің де жаныма батты. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан марқұмның отбасы мен жақын туыстарына, бүкіл қазақ еліне көңіл айтамын.
Алла Тағала марқұмды алдынан жарылқап, мейіріміне бөлегей. Жаны жәннатта болғай. Ол ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің белсенді мүшесі ретінде көптеген игі істерге ұйытқы болды. Жаратушы Иеміз ағамыздың ізгі амалдарына мол сауаптан жазғай. Әмин» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жедел хатында.