ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы қаласындағы өкілдігі 360 отбасыға азық-түлік салынған «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫН» табыстады.
Бүгін қасиетті жұма күні Алматы Орталық мешітінің ауласында 360 мұқтаж отбасылары мен көп балалы аналарға азық-түліктер салынған «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» үлестірілді. Игі шараға Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы қатысты. Көмек алған мұқтаж отбасылар мен көпбалалы аналар мешіт қызметкерлері мен қайырымды жандарға зор алғысын жеткізді. Жалпы көлемі 9 тонна азық-түлік таратылды.
Қайырымдылық айы рамазанда демеушілік жасаған азаматтарға Алла мол сауаптан жазсын!