Қазақстанда 2023 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша алаяқтықтың (Қылмыстық кодекстің 190-бабы) төмендегені байқалады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті таратқан мәліметке қарағанда, жалпы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардан алаяқтықтың үлесі 30%-ды құрайды.
“Аймақ бойынша ең көп алаяқтық:
Алматы (6742), Астана (5358) қалаларында, Қарағанды облысында (2590), Шымкент (1921) қаласында, Алматы (1836), Ақтөбе (1334), Атырау (1319), Қостанай (1311), Павлодар (1244), Шығыс Қазақстан (1243) облыстарында тіркелген.
Алаяқтық әрекеттердің салдарынан 34 623 адам зардап шекті, оның ішінде: ерлер – 15603, “йелдер – 19020.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар – 102, мектеп, гимназия, лицей, колледж, жоғарғы оқу орындарында оқитындар – 291, зейнеткерлер – 1714, мүгедектер – 8″, – деп жазды комитеттен.
Онда интернет-алаяқтық фактілері 1,5%-ға төмендегені айтылады. Еліміз бойынша барлығы 15616 (15848) осындай қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.
Ақша қаражатын қарызға алу арқылы алаяқтық 73%-ға кеміді, барлығы 24 (89) факт орын алған.
“Төлем карталарын пайдалану арқылы жасалған алаяқтық фактілері бойынша да төмендеу байқалады, барлығы 197 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2%-ға аз.
Жер құқықығы қатынастары саласында барлығы 3 факт тіркелген және барлығы Алматы облысында”, – делінген ведомство жазбасында.
Сонымен қатар, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы статистикалық есептілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптары бойынша қалыптастырылады және ай сайын (тоқсан сайын) qamqor.gov.kz порталының «құқықтық статистика», «статистикалық есептер» бөлімінде жарияланатынын еске саламыз, онда статистикалық мәліметтерді жылдар және облыстар бөлінісінде алуға болады.