Ағымдағы жылы 26 тамыз күні Алматы облысы дін істері басқармасының ұйытқы болуымен өңірдегі ерлер жамағаттары арасында «Рафтинг» спорт түрінен өзара сайыс өтті.
Шараға Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Талғар, Жамбыл аудандарынан барлығы 15 адам қатысты.
Шара барысында қатысушылар тау өзенінде үрлемелі қайықпен жүзіп, түскі дастархан барысында білікті теологтардың ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын тыңдады.
Аталған форматтағы іс-шаралар жамағат арасында қазақстан қоғамының құндылықтарын насихаттау мақсатында үнемі ұйымдастырылады.