Сенбі, 13 Тамыз, 2022
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алланың үш сыйын алғың келсе!

27.06.2022
- Ислам, Таңдаулы
0
148
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Құдай тағала Адам баласын толық әрі кіршіксіз жаратқанына күмәніміз жоқ. Алайда адам сауапты амал жасауға бейімді болғаны сияқты күнә да жасауға бейімді жаратылған. Расында адам баласы тамсандыратын, таңғалдыратын және зұлымдықтарға да бара алатын қарама-қайшылыққа толы жаратылыс иесі. Сонымен қатар, Алланың әмірлерін орындауға, жақсылыққа шақырып жамандықтан тыятын періштелермен қатар, бір сәтке де азғыруын тоқтатпайтын әзәзіл шайтан мен нәпсінің торына шырмалған пенденің сүрінетін сәттері болады. Міне, осындай сәттерге тап болғанда не істегені дұрыс? Шариғатымыз бұл жайында не әмір етеді және сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өмірлік ұстанымы мен өсиеті қандай болған деп қараймыз.

«Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ» демекші, пенде болған соң қателесеміз, жаңыламыз. Алайда бұндай сәттерде кешірім сұрап және жіберілген қателіктерге өкіну жақсылықтың нышаны әрі қадір тұтар қасиеті. Қателікті мойындау және өзіңдікі дұрыс болса да кешіру бұл мұсылмандық сипат. Ал өзгелерге кешірімді болу, кешіріммен қарау мейірімділік пен ымырашылдыққа, татулық пен табыстыққа жол ашады және кешірімді болу араздықты жеңіп, адамдардың арасындағы сүйіспеншілікті, махаббатты және достықты нығайтады.

Бұл жайында қасиетті кітабымыз Құран Кәрімде: «Нағыз ізгілер – кеңшілікте де, таршылықта да  Алла жолында садақа бергендер, ашуын жеңе білгендер әрі адамдарға кешірімді болғандар. Шүбәсіз, Алла Тағала ізгі жандарды жақсы көреді» (Әли-Имран сүресі-134). Яғни Алла тағалла кешірімді жандарды жақсы көреді екен. Алланың жақсы көретін құлдарына әлбетте сый да бар. Бұл жайында сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) бір хадисінде барша мұсылмандарды былай деп сүйіншілейді: «Өзіне зиян берген адамды кешіретін болса, Алла Тағала ол адамның бұл өмірде дәрежесін көтеріп, ақыретте күнәсін кешіреді» дейді.  Басқа бір хадисінде:

«Егер кімнің бойында мынандай үш қасиет болса, Алла Тағала оның есебін жеңіл етіп, мейірімімен жәннәтқа кіргізеді» дейді.  Сонда жанында отырған Сахабалар: Ол қандай қасиет деп сұрайды. Сонда  Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): Бермегенге беруің, сенімен арасын үзген адамдармен қарым-қатынас орнатуың және саған зұлымдық жасаған адамды кешіруің, егер осы амалдарды істесең, жәннәтқа кіресің» деп жауап берген. Міне, қазақ даналығында да «кешірімділік анадан, кішіпейілділік данадан», «Жақсылықты жақсылықпен қайтару әр кісінің ісі. Ал, жамандықты жақсылықпен қайтару ер кісінің ісі», деген сынды өсиет қалдырған.

Сөзімізді Шәкәрім Құдайбердінің мына өлең шумақтарымен аяқтауды жөн көрдім.

Біреудің мінін кешірсең,
Құдай да сені кешеді.
Бірінде қылмай есірсең,
Төбеңді әлі-ақ теседі.
Көңілі жұмсақ адамның,
Күрмеуін тағдыр шешеді.
Пейілі жаман адамның,
Орыны дайын деседі.

Бердімұрат ҚАСЫМОВ,
Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығының теологы,
исламтанушы

Қазақ-әзербайжан ынтымақтастығы артады

Қазақ-әзербайжан ынтымақтастығы артады

12.08.2022

Ихсан – тақуалықтың негізі

12.08.2022
Тегтер: Діндерді зерттеу орталығыИслам дініізгіліккешірім
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қазақстандағы дін мен дәстүр сабақтастығы
Ислам

Қазақстандағы дін мен дәстүр сабақтастығы

08.08.2022
Қара шаңырақтың қасиеті
Видео

Қара шаңырақтың қасиеті

22.07.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба
QURBAN-2022 қайырымдылық акциясы талқыланды

QURBAN-2022 қайырымдылық акциясы талқыланды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    2728 рет бөліскен
    Бөлісу 1091 Твитерге 682
  • Төрт мәзһаб – ислам

    1634 рет бөліскен
    Бөлісу 654 Твитерге 409

Соңғы жарияланымдар

Жазасын өтеушілер арасында викториналық ойын өтті

12.08.2022
0
Жазасын өтеушілер арасында викториналық ойын өтті

Толығырақ оқу

Қазақ-әзербайжан ынтымақтастығы артады

12.08.2022
0
Қазақ-әзербайжан ынтымақтастығы артады

Толығырақ оқу

Ихсан – тақуалықтың негізі

12.08.2022
0

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00