Жәбир ибн Абдулла (р.а.) айтады:

«Мен Нәбидің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай дегенін естідім:

«Алла Тағаламен Оған серік қоспаған халде жүздескен пенде (1) жәннатқа кіреді (2). Хақ Тағаламен Оған серік қосқан халде жүздескен пенде тозаққа кіреді (3)».

(Мүслім)

  1. Яғни, Алла Тағала тағдырына белгілеген уақытта Оған серік қоспаған күйде өмірден озса. («Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиғис-Сағир», 9011)
  2. Яғни, кәпір, мүшрік болмай, мүмін қалпында о дүниелік болған пенде Хақ Тағаланың жарылқауымен ешбір сұрақ-жауапсыз, не болмаса істеген күнәсінің тиісті жазасын өтегеннен кейін, міндетті түрде жәннатқа кіреді. («Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиғис-Сағир», 9011)
  3. Сонда мәңгі қалады. («Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиғис-Сағир», 9011) Себебі, Жаратушы Ие «Ниса» сүресінің 116-шы аятында: «Ақиқатында Алла Тағала Өзіне серік қосқанды кешірмейді. Одан басқа күнәні Өзі қалаған пендесіне кешіреді. Хақ Тағалаға серік қосқан адам қатты адасқан болады», – деген.

Дереккөз: رواه مسلم، باب الدليل على من مات، رقم: 270

Пікір жазу