Жәбир ибн Абдулла (р.а.) айтады:
«Мен Нәбидің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай дегенін естідім:
«Алла Тағаламен Оған серік қоспаған халде жүздескен пенде (1) жәннатқа кіреді (2). Хақ Тағаламен Оған серік қосқан халде жүздескен пенде тозаққа кіреді (3)».
(Мүслім)
- Яғни, Алла Тағала тағдырына белгілеген уақытта Оған серік қоспаған күйде өмірден озса. («Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиғис-Сағир», 9011)
- Яғни, кәпір, мүшрік болмай, мүмін қалпында о дүниелік болған пенде Хақ Тағаланың жарылқауымен ешбір сұрақ-жауапсыз, не болмаса істеген күнәсінің тиісті жазасын өтегеннен кейін, міндетті түрде жәннатқа кіреді. («Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиғис-Сағир», 9011)
- Сонда мәңгі қалады. («Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиғис-Сағир», 9011) Себебі, Жаратушы Ие «Ниса» сүресінің 116-шы аятында: «Ақиқатында Алла Тағала Өзіне серік қосқанды кешірмейді. Одан басқа күнәні Өзі қалаған пендесіне кешіреді. Хақ Тағалаға серік қосқан адам қатты адасқан болады», – деген.
Дереккөз: رواه مسلم، باب الدليل على من مات، رقم: 270