Осы хадистен байқағанымыздай, адам баласы Алла тағала туралы қаншалықты көп ойласа, Алла тағала да пенде үшін соншалықты жақын болады, пенде Алла тағала қандай деп түсінсе, оған сол ойлағанына сай болады.Басқаша айтқанда, пенде Алланың рахметінен үміттеніп рақымды деп ойласа, Алла оны кешіріп жарылқайды. Егер Алланың рахметінен үміттенбей, азаптаушы деп білсе, оған сол нәсіп болады.
Көптеген ислам ғалымдары осы мәселені «Пенде Алла тағаланы еске алып, зікір еткен сәттерінде Алла тағала онымен бірге болады, осы жағдайда Хақ Тағала пендесіне назар аударып, оған Аллаһ Тағаланың ерекше рахметі жауады» деп, түсіндіреді.
Яғни, пенде Алла тағаланың бұйырғандарына бағынумен және орындаумен жақындаса, Алла тағала да оған жарылқауы мен рахметін жаудырады. Осы себептен Алла тағаланың рахметі мен ілтипатына қай деңгейде лайық болу әр пенденің өз қалауында.
Мұхаммед пайғамбар (с..ғ.с.) өзінің бір хадисінде: «Алла тағаланың назарында әрі абзал әрі таза, дәрежелеріңді көтеретін, алтын мен күмісті жаратудан артық, тіпті жауларыңмен бетпе-бет тұрып, олардың бастарын шабу, не болмаса сол жолда жан тапсырудан да артық болған амалды айтайын ба?» – деп сұрағайды. Сахабалар: «Әрине, айтыңыз» дегенде, әз елші: «Алла Тағаланы зікір ету» – деп, бұйырған екен.
Көріп отырғанымыздай, Алла тағаланы еске алу, жақсы көру Алла тағаланың зікірін жақсы көруден басталады.