Дәріс аяқталып, келген жұрт тарап, әлгі жұпыны киінген кісі екеуі жеке қалады. Имам дауысын бәсеңдетіп оған:
– Жайнамазды алып, оның астына қарашы, – дейді. Жайнамазды көтеріп қараса астында 1000 дирхам жатыр екен. Имам:
– Мына қаражатты алыпқажетіңе жарат, – дейді. Әлгі кісі таңдана:
– Бұл ақшаға мұқтаж емеспін, мен дәулетті адаммын, – деді. Сонда Имам:
– Сен Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың: «Расында, Алла Тағала құлына берген нығметін көргенді ұнатады» деген хадисін естімеп пе едің? Өзіңнің сыртқы келбетіңе қарап жүргенің жөн болар, – деп ескерткен екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ