«Алла Тағала құлына берген нығметін көргенді ұнатады»

    0
    103

    Дәріс аяқталып, келген жұрт тарап, әлгі жұпыны киінген кісі екеуі жеке қалады. Имам дауысын бәсеңдетіп оған:

    — Жайнамазды алып, оның астына қарашы, — дейді. Жайнамазды көтеріп қараса астында 1000 дирхам жатыр екен. Имам:

    — Мына қаражатты алыпқажетіңе жарат, — дейді. Әлгі кісі таңдана:

    — Бұл ақшаға мұқтаж емеспін, мен дәулетті адаммын, — деді. Сонда Имам:

    — Сен Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың: «Расында, Алла Тағала құлына берген нығметін көргенді ұнатады» деген хадисін естімеп пе едің? Өзіңнің сыртқы келбетіңе қарап жүргенің жөн болар, — деп ескерткен екен.

    Жалғас АСХАТҰЛЫ 

    Пікір жазу