Әлем елдері Сирияға 5 млрд 600 млн еуро мөлшерінде қаржылай көмек жинады. Мұны Брюссельде бірлескен конференция өткізген Еуроодақ және БҰҰ өкілдері жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл қаражат негізінен сириялық босқындар мәселесін шешуге жұмсалады. Басым бөлігі ақпан айында болған жойқын зілзаланың салдарын жоюға арналған. Тұрғындарды ауызсумен қамту – аймақтағы өзекті мәселелерді бірі болып тұр.
Босқындар мәселесін назарсыз қалдыра алмаймыз. Сирия билігі олардың өз еркімен, қауіпсіз және лайықты түрде қайтуына жағдай жасауы керек. Халықаралық қауымдастықтың осыны бақылай алуы маңызды болып тұр, – деді ЕО Сыртқы саясат және қауіпсіздік бойынша жоғарғы өкілі Жозеп Боррель.