Ресей оппозициясының жетекшісі Алексей Навальный терроризм мен экстремизмге жақын деп тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында Навальныйдың өзі Instagram әлеуметтік парақшасында жазды.
“Мен бұрын көрмеген, ең көп комиссия мүшелері жиналды. Үйлену тойына ұқсайды. Т әрпіне ұқсас үстел басына қалың халық жиналған. Тек қалыңдық пен күйеу жігіттің орнын көшбасшылардың портреттері астына жайғасқан бастық басқан. Неліктен бұлай тойлатып жатыр деп ойлап тұрмын. Әдеттегі сөгіс үшін тым көп адам жиналған. Ату жазасына кескен шешімді оқып бергісі келеді ме әлде?”, – деп жазады Алексей.
Саясаткер өзінің колонияға келгеннен кейін бірден қашып кетуге бейім профилактикалық есебіне алынғанын айтты. Комиссияның кейінірек тұтқынды кәсіби есептен шығаруды ұсынған жедел уәкілдердің бірінің есебін қарау үшін жиналғаны белгілі болды.
“Мәссаған! Өз құлағыма өзім сенбеймін. Комиссия түгел барлығы келісті. Менің қуанышымның қатты болғаны соншалық, бастық, тіпті, мені тыныштандырып, рұқсат етілген кезде ғана сөйлеуімді сұрады”, – деп жалғастырады ол.