Ислам ғылымы тарихында астрономия және математика саласындағы тапқыштығымен әйгілі болған ғалымдардың бірі де Әбу Абдулла Мухаммад бин Муса әл-Хорезми (850) болып табылды. Ол математика, астрономия, география саласында бүгінгі күні де маңызын жоғалтпаған маңызды дүниелер жазып қалдырған. Шығыс пен Батыс оны «Әл-Жабр уа әл-Мукабала» атты еңбегімен таныды. Осы еңбекте 800-ден астам алгебра сұрақтарын қамтып олардың жауаптары беріледі. Хорезмидің Ислам мәдениетіне ең көп үлес қосқан саласының бірі география ғылымы. «Суратул-Арз» атты еңбегі – осы тақырыпта жазылған алғашқы дүниесі. Бұл кітапта 69 ғұламаның бірлесе зерттеп жасалған әлем картасы бар. Осы карта Ислам әлеміндегі жер жүзінің және аспан әлемінің карталарының алғашқысы. Италиялық математик Геролома Гардано (1544-1624) Хорезмиді «әлемнің ең ұлы он екі ойшылы» ішіне қосқанын да мақтанышпен айта аламыз.