Елордадағы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жүздесіп, журналистер қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтады.
Отыз күн оразада, қасиетті Қадір түнінде Діни басқарма мен мешіттерден ақпарат таратып, жақсылықтың жаршысы, асыл дініміздің насихатшысы бола білген журналистерге сый-құрмет көрсетілді. Сондай-ақ Нұрлан Рамазанов ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының айт мерекесімен құттықтауын оқып, Бас мүфти атынан сыйлық үлестірді.
«Әдетте біз, имамдар, сіздермен сұхбаттасып, сұрақтарыңызға жауап берсек, бүгін, мінеки сіздерді мешітке шақырып, алғысымызды білдіруге ниеттеніп отырмыз. Әрдайым ізгіліктің жаршысы, асыл дініміздің қолдаушысы болып аман-есен жүре беріңіздер. Істеріңізге Алла Тағала береке, отбасыларыңызға амандық берсін! Айт құтты болсын!» деді бас имам.
Сондай-ақ Құран аяттары оқылып, журналистермен бірге ел амандығы үшін дұға жасалды.