Құрсақтағы шарана анасының жүктілігі кезінде оның организімінен қоректік заттардың неғұрлым көбірек бөлінуіне ықпал ету үшін әкесінен алған генді пайдаланады. Кембридж университетінің ғалымдары плацент (құрсақтағы шарананы қоршап тұратын жалқақ) пен ана организімінің арасында қандай гормондық өзара байланыс барын зерделеген болатын.
Бұл тараптағы талдау нәтижесі көрсеткендей, құрсақтағы шарана анасының организімінен қоректік заттардың көбірек бөлінуіне ықпал ететін гормонды синтездеу үшін әкесінен алған генді пайдаланады. Бұл процесте анасының денсаулығына қатер төндірмеу үшін оның организімінен қоректік заттардың бөліну мөлшері мен шарананың дамуына қажетті мөлшер арасындағы тепе-теңдік сақталады. Кей гендер (геномдық импринтинг – эпигенетикалық процесс, онда белгілі бір гендердің экспрессиясы аллелдердің қай ата-анадан шыққанына байланысты жүзеге асырылады – Уикипедия электронды энциклопедиядан) ата-аналардың бірінен ұрпағына өтсе ғана белсенді әрекетке көшеді. Кейбір гендер (басылған гендер) тек ата-анасының біреуінен тұқым қуалайтын болса ғана белсенділігі оянады. Зерттеушілер зертханалық тышқандардағы таңбаланған Igf2 генінің экспрессиясына тосқауыл қойды, ол тек әкеден тұқым қуалайды және инсулинге ұқсас өсу факторы 2 ақуызын құруды қамтамасыз етеді.
Бұл тараптағы талдау нәтижесі көрсеткендей, ұрықтағы геннің деактивациясы (геннің белсенділігінің басылуы) ананың қанындағы липидтер мен глюкоза мөлшерін төмендетеді және соның салдарынан ұрықтың қоректік заттармен қамтамасыз етілуін нашарлатады. Ал мұндай жолмен дүниеге келген тышқандар әлдеқайда кішірек, әлсіз, оларда және олардың ұрпақтарында қант диабеті мен семіздік жиі кездескен. Плацентарлы (шарананы қоршап тұратын қорғаныш жалқақ) сигналдық жасушалардан Igf2 жойылуы ананың организіміне теріс әсер еткен, дәлірегі, ұйқы безінің инсулин өндірісін, бауырдың оған реакциясын және басқа метаболикалық процестерді модуляциялайтын (қалыптастыратын) түрлі гормондар өндірісіне кері әсер етеді. Гендердің дұрыс жұмыс істеуінен ананың инсулинге сезімталдығы төмендейді, нәтижесінде тіндер глюкозаны сіңірмейді және ол ұрықтың дамуын едәуір тежейді. Жүктілік кезіндегі ана мен ұрықтың «өзара әрекетін» тереңірек түсіну өз кезегінде ана мен бала денсаулығын жақсартуы тиіс ем-дом және профилактикалық шаралардың пайда болуына ықпал етпек.
Балжан Әбдіраш