Құлшылық үйі ретінде қызметін қайта бастаған Ыстамбұлдағы “Айя-София” мешіті алғашқы жылдың ішінде 3 млн туристі қабылдады. Бұл туралы Ыстамбұл мүфтиінің орынбасары Мұстафа Явуз мәлімдеді.
Айта кетсек, мешіт 2020 жылдың 24 шілдесінде құлшылық үйі ретінде қайта ашылған болатын.
Мүстафа Явуздың сөзінше, “Айя-София” – Түркияның және жалпы адамзаттың маңызды діни нысандарының бірі. “Қайта ашылғаннан кейін ол туристердің қызығушылықпен келетін орнына айналып үлгерді. Алғашқы күннен бастап мешіт жергілікті және шетелдік қонақтарды қабылдап жатыр”, – деді ол.
Қазір жұмыс күндері мешітке 5 мың адам, демалыс күндері 12 мыңдай адам келеді. Пандемия аяқалғасын бұл көрсеткіш әлденеше есе артады деп күтілуде.
Мешіт жұмысы жанданып, әлем халықтарының игілігіне қызмет жасап жатқаны көңілге қуаныш ұялатады!
Мешіттің ішіне адам толып бір жақсылық болған екен, ниеттеріңіз қабыл болсын. Әрине туристарға бұндай әсем салынған мешіт қызық болары сөзсіз.
Мешіттің ішіне адам толып жақсы болған екен, бірақ осындай уақытта сақтық үшін мераларды ұстанған дұрыс. Мешіттер көркейе берсін дами берсін. Іші адамнан үзілмесін, жақсылыққа болсын.
Туристардың тоқсаусыз барып жатқанына қарағанда сондай әдемі болар, бізге де көруді нәсіп етсін.
Мешіттің танымал болуы қуантады. Іші адамға, дұға-тілекке толы болғаны керемет. Карантин біткеннен кейін бұданда көп адамдар барып, дін ислам жайлы жақсы ойда қалатын болды.
Очень радует столь впечатляющий поток туристов!
Надеюсь и наша страна сможет привлекать такое количество туристов в будущем
Однако хочется заметить то что во время карантина в одном помещении бывает такое количество людей, это достаточно опасно
Соблюдать карантинные меры важно, берегите себя и свое здоровье!