Пайғамбарымыз (ﷺ) хадисінде: «Шындығында адамның денесінде бір жапырақ ет бар. Егер осы бір жапырақ ет таза болса, онда адамның барлық мүшесі, сана-сезімі пәк болады. Ал сол бір жапырақ ет бұзылса, онда ол адамның денесі де, тәні де, жаны да бұзылады. Ол бір жапырақ ет – жүрек», – деп жеткізген. Адам баласының күнәлі істерді дінмен ақтауы, қателіктерін біле тұра жалғастыра беруі жүрегінің қарайып, қатаюына себеп болады. Ал, жүрегін қатайтқан пенде иманының әлсіреуіне жол береді.

8 ПІКІР

  1. На самом деле хороший повод задуматься и улучшить себя и свое окружение

  2. Зайырлы мемлекетте әр адамға ар-ождан бостандығы берілген, дегенмен басқа адамның көзқарастары мен діни дүниетанымына толерантты көзқарасты қалыптастыруымыз қажет деп есептеймін!

  3. Тәрбие-тал бесіктен демекші ата-бабамыз, баланы жастайынан жақсы мен жаманды ажыратуды үйрету ол әрбір ата-ананың міндеті деп есептеймін.

  4. Дұрыс айтылған, адам естіген затына бой ұсынып еріп кете берудің қажеті жоқ, қазіргі таңда сенімді білім алатын орын, кітаптар бар. Соны ізденіп ашып оқыса, бәрі дұрыс жолмен жүретін еді.

  5. Бірінші бала тәрбиені үйден алғандықтан діни білімді де діни хабарды да үйден алады сондықтан, сауаттылық бұл жерде маңызды. Балаңызға жақсы тәрбие беріп, діни білім беріп өсірген дұрыс, болашағы үшін.

  6. Өте дұрыс айтылған. Тәрбие діннің, білімнің жалпы өмірде тұлға болып қалыптасудың негізі.

  7. Ислам дінінде: «Әке баласына бере алатын ең құнды нәрсе – жақсы тәрбие» делінеді. Демек, бала жастайынан жақсы тәлім-тәрбие алуы керек.

Пікір жазу