Сұрақ: Айнаға қарсы жатып ұйықтаса бола ма?
Жауап: Кейбір халықтар арасында айнаға қатысты түрлі ырымдар мен тыйымдар бар. Соларға сәйкес «айна басқа әлемге өтетін портал немесе тылсым дүниенің (жын, албасты т.б.) бейнесі көрінеді. Олар адам ұйықтаған уақытта оның жанын байлап алып кетеді немесе сиқыр жасайды» деген негізі жоқ сенімдер жетіп асады.
Осы және бұған ұқсас ырымдар мен сенімдер исламға қатысты жоқ басқа сенімдерден келген дүниелер. Әдетте мұндай нәрселерге ислам дінінен хабары болмаған адамдар сенгіш келеді.
Исламда айнаның ақыретпен немесе қабір дүниесімен ешқандай байланысты жоқ. Аллаға иман келтірген адам Оның жазмыш тағдырына сеніп, пайғамбардың (с.ғ.с.) қалдырған сүннетіне сәйкес амал етеді. Айнасы бар бөлмеде немесе айнаға қарсы төсекте еркін демалуға әбден болады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ