Әлемге әйгілі сириялық каллиграф шейх Осман Тоха атамекені Қазақстанға келді. Бұл оның ата-баба мекеніне тұңғыш табан тіреуі.
Оның ұлты – қазақ. Бабалары Түркістанда тұрған. Осыдан шамамен 150 жылдай бұрын Шам жеріне қоныс аударыпты. Қазір шейх Мәдина қаласында тұрады.
Ол әлі күнге қазақ тілін ұмытпаған. Бүгін Осман Тоха Шымкенттегі жаңа мешіттің ашылуына қатысу үшін елімізге арнайы келді.