Асыл дінімізде әйел кісілердің қабыр басына баруна тыйым салынбаған. Пайғамбарымыздың «Өлімді жиі еске алыңдар» деген сөзінен өлімді еске түсіретін жер ол қабырдің басы деген қорытынды шығарсақ болады. Қабыр басына барудағы басты мақсатымыз өлімді ақыретті еске алып, ол жердегі мұсылмандарға дұға қылу.
Ескерту: әйел адамның жан дүниесі әлсіз болғандықтан, қабір басына барғанда өз-өзіне ие бола алмай, дауыс шығара жылап, шаш жұлуға дейін барып жатады. Ислам діні бұл нәрселерге тыйым салғандықтын, мәйітті үйден шығарарда әйел кісілердің еруіне болмайды.